25 апреля 2018 | 14:38

Қазақтың нағыз қолөнері жойылып кете ме деп қорқамын - Белгілі ұста

Бүгінгі таңда ұлттық киім мен қолөнер декорациялық сипатта ғана сақталып қалды. Өнерді ішінен білетін адам аз, эстрада әншілерінің оюды көрінген жерге жапсырып шығуын ұлттық нақышқа балап жүр. Ұлттық құндылықтарымыз сөзбен ғана айтылады. Ал шынайы өнерді ұрпаққа түсіндіру үшін заттай дәлелдер қажет, көзімен көріп, қолымен ұстауы керек. Ұста әрі этнограф, өнертанушы, Түркия Республикасының Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін атағымен марапатталған Махмұт Құлментегі сұхбат кезінде осы мәселелерді көтерді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгінгі таңда ұлттық киім мен қолөнер декорациялық сипатта ғана сақталып қалды. Өнерді ішінен білетін адам аз, эстрада әншілерінің оюды көрінген жерге жапсырып шығуын ұлттық нақышқа балап жүр. Ұлттық құндылықтарымыз сөзбен ғана айтылады. Ал шынайы өнерді ұрпаққа түсіндіру үшін заттай дәлелдер қажет, көзімен көріп, қолымен ұстауы керек. Ұста әрі этнограф, өнертанушы, Түркия Республикасының Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін атағымен марапатталған Махмұт Құлментегі сұхбат кезінде осы мәселелерді көтерді. 


Ұста Махмұт Құлментегі. © Манас Жантекеев

Реклама
Реклама

Ағайынды үш ұста Тұрсынжан, Махмұт және Айтберген Жетенұлдары шет елдерде көбірек танымал. Олардың өнері туралы Ресейдің "Огонек" қоғамдық-саяси және әдеби-көркем журналының екі санында жазылған екен. Құлментегі Махмұттың қазақ өнері туралы ойларын Тengrinews.kz сайтынан оқи отырыңыздар. 


Оюлы қалқан

"Әттең ұсталарға қамқорлық жоқ. Өзіміздің жағдай келмейді. Жабдықталған ұстахана ашып берсе, сонау түркі мен ғұн дауірінің сайман-сауыттары мен қару-жарақтарын халық алдына келтіріп берер едік. Қазір өнерді ұсақтатып жіберді, оюды да қалай болса солай жапсыра беретін болды. Ал қазақта әр оюдың өз мағынасы бар. Қазір сувенирді қазақтың өнері деп жүргендер көп", - дейді Махмұт аға. 

Оның сөзінше, біз қазір 70 жылдық тарихты ары-бері аударудан ары бара алмай отырмыз. Ал өзіңді тану үшін арғы-түп тамырыңды тану қажет. 

"Көшпенділер темірді қатты құрметтеген. Қарумен серт берген, сондағы айтатындары "серттен тайсам, ағы кіріп, қызыл шықсын". Жалпы көшпелі өмір салты - жабайылық немесе кенжелеу емес еді. Ол экожүйені сақтау әдісі. Аңшылар да аңды бекер қырмайтын, қажеті үшін ғана аулайтын. "Я сенен, я менен" дейтін, сенде жазық, менде азық жоқ дегені. Ою-өрнек туралы айтқанымда, қазақ тұрмыстық заттарды әрлемеген. Тек сыйға тартылатын қару мен салтанатты шеру кезінде киетін киімі мен қаруын әсем еткен, осылай әскери шеру кезінде халық рухын көтерген. Мәселен тұмарға бұрын жеті қара тас салынатын, өйткені тас таудың сипаты - символы. Бұл жерде діннен безіңдер дегенім емес, өткеніңді білу керек дегім келеді", - дейді ол. 

Ағайынды үш ұста қару жасаумен көп танылған, шебер туындыларына музейлер мен жеке тапсырыс беретіндер бар. Өкініштісі, қазір қолда қалғаны мына айбалта мен әлі жасалып бітпеген мына дуылға. 

Енді Махмұт ағадан осы қару туралы айтып берсеңіз деп өтіндік.

"Мына жатағанды қалпына келтірдік. Мұны ятаган дейді, қылыштың бір түрі. Қайқы қылыштан гөрі екпіні күшті болған. Ақтамбердіде бар "сақетер тиді саныма, сақсырым толды қаныма" дегені. Осындағы сақатер мен сақсырды қалпына келтірдік. Сақатер деген шынжырлы қару, сақ етіп тиетіндіктен солай аталған. Ал сақсыр дегеніміз әскери шалбар. Сақ деген тері, сірі дегеніміз қатты дегенді білдіреді. Ауына үш бұрыштап тері тіккен, әйтпесе атқа отырғанда айырылып кетеді. Орыс тілінде байдана деп жүр бадана деген сөз. Шиыршықтары үлкен - баданадай жасалған сауыт. Оның кейде тұсында қазақтың тұйық өрнегімен әрленеді", - дейді ұста.  


Суреттерді түсірген Манас Жантекеев

Әңгіме соңында Махмұт аға ұсталық өнерге мемлекет тарапынан қолдау болса дегенді тағы бір айтты. Өйткені ой еңбегі мен физикалық күшті қажет ететін бұл кәсіпті игергісі келетіндер кемде-кем. "Қазақтың балабаларынан қалған нағыз ұсталық өнері жойылып кете ме деп қорқамын", - деп қорқынышын да білдірді белгілі ұста. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная