Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 июня 2020 16:55

ҚАЗҰУ-дың бұрынғы ректоры Көпжасар Нәрібаев қайтыс болды

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нәрібаев Көпжасар Нәрібайұлы. Фото: kaznu.kz Нәрібаев Көпжасар Нәрібайұлы. Фото: kaznu.kz

ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Көпжаcар Нәрібаев қайтыс болды. Бұл туралы ғалым Дүкен Мәсімханұлы Facebook желісінде жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Көпжаcар Нәрібаев қайтыс болды. Бұл туралы ғалым Дүкен Мәсімханұлы Facebook желісінде жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"82 жасқа қараған шағында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, саналы ғұмырын қазақ елінің ғылым-білім саласын ұйымдастыру мен басқару ісіне арнаған ұстаз, ғалым Көпжаcар Нәрібайұлы бүгін (22.06.2020) бұл пәниге қош айтып, бақилық мекеніне аттанып кетіпті", - деп жазды ол.

Көпжасар Нәрібаев - қоғам және саяси қайраткер, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор. Ғалым Көпжасар Нәрібаев 1938 жылы 3 маусым күні Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылында дүниеге келген.

1960 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-нің (қазіргі ҚазҰУ) экономика факультетін бітірген. Ол Қазақ КСР жоғары және арнайы орта білім министрінің орынбасары. Ал 1983жылы ҚР жоғары және арнайы орта білім министрі қызметін атқарды. 1994 жылы ғалым ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі болып сайланады. Нәрібаев 1991-2001 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттінің ректоры болды. 

Көпжасар Нәрібаев - экономиканы басқару саласын жоғарғы оқу орындарында ұйымдастыру жөніндегі белді ғалым.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети