Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
15 мая 2020 15:43

Қисықова COVID-19 жұқтырған науқастардың жағдайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS Фото: REUTERS

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова COVID-19 жұқтырған бір науқастың жағдайы өте ауыр екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова COVID-19 жұқтырған бір науқастың жағдайы өте ауыр екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәуле Қисықованың айтуынша, елордада коронавирус инфекциясын 1 173 адам жұқтырған.

"Оның ішінде 588 науқас (44 пайыз) вирустан айығып, 14 күндік үйдегі каратинге жіберілді. Қазіргі таңда зертханалық тексеру, ем қабылдау мақсатында ауруханада 1 423 адам жатыр. Оның ішінде 661 адам мен 51 бала коронавирус індетінен емделіп жатыр", - деді денсаулық сақтау басқармасы басшысы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ, ол індет жұқтырған науқастардың жағдайына тоқталды.

"Жағдайы ауыр науқас 4 пайыз, жағдайы орташа ауыр 17 пайыз, 79 пайыз жағдайда ауыр жеңіл өтіп жатыр. Коронавирус індетін жұқтырған 4 науқастың жағдайы орташа ауыр, 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Қалған науқастардың жағдайы қанағаттарлық. Олар ем қабылдап жатыр", - деді Сәуле Қисықова.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысы қаладағы эпидемиологиялық жағдайға тоқталды.

"Қала бойынша сәуірдің соңғы 10 күнінде аурудың өсім көрсеткіші - 5,3 пайыз. Ал, мамыр айының 14 күнінде ауруды жұқтыру өсімінің орташа көрсеткіші 4,1 пайыз болды. Мамырдың алғашқы аптасында 4,9 пайыз, ал екінші аптасында 3,9 пайыз болды. Яғни, мамыр айының бірінші аптасымен салыстырғанда жаңа жағдайларды тіркеу 20,5 пайызға төмендеді", - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін елордада 2 науқас аурудан көз жұмған хабарлағанбыз.

Қазақстан COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 5 689-ге жетті. 2 558 науқас айықты, 34 адам қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.73   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети