Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 июня 2020 15:59

"Көбелекке айналдың". Америкалық қазылар Данэлия Төлешованың өнеріне қандай баға берді

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының қазыларын таңғалдырды. Әділ қазының 4 мүшесі оның келесі айналымға өткенін қалап, "Иә" деп дауыс берді. Tengrinews.kz тілшісі америкалық төрешілердің пікірін ұсынады.


Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының қазыларын таңғалдырды. Әділ қазының 4 мүшесі оның келесі айналымға өткенін қалап, "Иә" деп дауыс берді. Tengrinews.kz тілшісі америкалық төрешілердің пікірін ұсынады.

America’s Got Talent шоуының осы маусымдағы қазылар құрамында жобаның негізін қалаушы және продюсері Саймон Коуэлл, актриса София Вергара, модель, актриса Хайди Клум және әзіл-ысқақ актеры Хоуи Мэндел бар. Шоуды Терри Крюс жүргізеді.

Данэлияның өнері шоудың үшінші эпизодында көрсетілді. Алдымен Саймон Коуэлл Данэлиямен танысып, жағдайын сұрады.

"Қобалжып тұрмын, бірақ бәрі дұрыс", - деп жауап берді қазақстандық әнші.

Ал бұл шоуға не үшін келгенін сұрағанда, ол бұрыннан армандағанын айтты.

"Осы жерге келу арманым болды. Мен жүздеген видео көрдім. Әр қараған сайын қол жетпейтін және мүмкін емес сияқты болатын, сене алмай тұрмын", - деді Данэлия.

Содан соң ол канадалық әнші Faouzia-ның "Tears of Gold" туындысын орындады. Алғашқы секундтан бастап-ақ залдағы көрермен қошемет көрсетті. Танымал актриса София Вергара әнді тыңдап отырып, "Amazing!", яғни "Ғажап!" деді.

Данэлия 1 минут 40 секунд өнер көрсетті. 

"Әдемі көбелекке айналдың"

Комик актер Ховард Майкл "Хоуи" Мэндел Данэлияның орындағанына тәнті болып, оны тылсымнан шыққан көбелекке теңеді.

"Маған қатты ұнады, сен кереметсің. Сен кішкентай жұлдызқұрт сияқты болдың. Сосын музыка басталғанда қауырсыннан шыққан әдемі көбелекке айналдың. Өз көзіме сене алмаймын және сен осы жердегі нәтижеңмен өзіңді қуантасың деген ойдамын", - деп пікір білдірді.

"Сахнада өз стилің бар"

Актриса, модель Хайди Клум қазақстандық әншіге келесіде жай ән таңдауға кеңес берді де, алғаш рет орындау үшін "керемет" болғанын атап өтті.

"Меніңше, шынымен керемет! Сен ұялшақ болып көріндің де, сосын музыка және бум басталды, сен басқа адам болып шыға келдің. Сахнада өз стилің бар. Сен ұзақ уақыт бойы қатты дауыспен ән айта аласың. Бұл дауысы қатты ән, сондықтан келесіде жай, тыныштау ән айтқаныңды тыңдағым келеді. Сонда сенің даусыңды жақсырақ тыңдай аламыз. Бірақ бұл - алғашқы тыңдау, бәрі керемет болды деген ойдамын", - деді Хайди Клум.

Ал актриса София Вергара оның келесі әнін асыға күтетінін айтты.

"Өте әсерлі, таңғаларлық. Сондай нәзік, кішкентайсың, сосын бірден өзіңе сенімді болып өзгересің. Тағы ән айтқаныңды асыға күтемін", - деді.

"Саған жақсы мүмкіндік туып тұр"

Осы шоудағы ең қатал төреші Саймон Коуэлл саналады. Оның айтқан пікірі кез келген қатысушы үшін өте маңызды. 

"Қазір музыка бизнесінде сенің жасыңдағы адамдардың айналасында қызық сәттер болып жатыр. Меніңше, бұл - сенің уақытың. Бірнеше жыл бұрын сенің жасыңдағы әншілерге ересек адамдар ән таңдап беретін, содан кейін ол жалпының арасында қалатын. Бірақ сенің талғамың биік және керемет! Хайдидің айтқанымен келісіп, төмен дауыспен айтатын әнді тыңдаймыз деп ойлаймын. Ал қазіргі әнің алғашқы орындау үшін тамаша болды. Саған жақсы мүмкіндік туып тұр", - деп Саймон Коуэлл жас әншіні үміттендерді.

Осылайша, қазылардың барлығы бір ауыздан "Иә" деп дауыс беріп, Данэлия Тулешова келесі кезеңге өтті.

"Ол мені жылатты"

Ал өз әнін Данэлияның орындауында тыңдаған канадалық әнші Faouzia Instаgram желісіндегі Stories-інде қазақстандық әншінің орындаған видеосын салып, пікір білдірген.

"13 жастағы қыз Қазақстаннан America’s Got Talent  шоуында Tears of Gold әнін орындау үшін ұшып келген. Әнді орындағанда денем тітіркенді. Жүрегімді жаулады, адам сенгісіз орындау. Ол мені жылатты", - деп бөлісті Faouzia

Танымал шоудың он бесінші маусымы NBC телеарнасынан 26 мамырда, ал 29 мамырда Netflix UK-да көрсетіле бастады.

Данэлия Төлешова Украинада өткен "Голос. Дети" шоуының төртінші маусымында танымал болып, жеңімпаз атанған. Алғашқы турда ол Stone Cold әнін орындаған болатын, оның өнерін YouTube-та 50 миллионнан аса көрермен қараған.

2015 жылы ол "Балалар Жаңа толқынына" ("Детская Новой волна") қатысып, көрермен көзайымы атанған. Ал үш жылдан кейін "Junior Eurovision-2018" конкурсына қатысып, 6-орын иеленген еді.

Сонымен қатар, 2018 жылы Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова АҚШ-тағы әлемдік The World's Best шоуына қатысқан болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети