Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
03 августа 2021 17:41

"Қоғамның құрбаны". Дәрігер антиваксерлерге үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматы қалалық "Фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ КМК директоры Жанар Сәпиева вакцинаның іс жүзінде ешқандай зияны жоғын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы қалалық "Фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ КМК директоры Жанар Сәпиева вакцинаның іс жүзінде ешқандай зияны жоғын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Егер ДДСҰ не айтқанын еске түсірсек, 30 пайызы денсаулық сақтау жүйесінің араласуына байланысты. Қалғаны пациенттің өзіне байланысты. Бүгінде коронавирус инфекциясы әр адамның жауапкершілікті өз мойнына алуы керегін көрсетіп отыр. Яғни егер 1-2 адам ғана вакцина салдырса одан ешқандай әсер жоқ. Бұл инфекцияның таралуын азайту үшін бізге топтық иммунитет, ұжымдық иммунитет қажет. Науқастар болады, бірақ ауру кем дегенде жеңілірек өтуіне ықпал етеді (вакцина - еск.).

Әлеуметтік желілердегі көптеген антиваксер "вакцина қажет емес немесе оның әсері жоқ" деп айтса, біз (дәрігерлер - еск.) олай айта алмаймыз. Себебі емделе алмай жатқан науқастар сол қоғамның құрбаны және біздің азаматтар бұған саналы түрде қарауы керек. (...) Вакцина іс жүзінде ешқандай зиян келтірмейді", - деді маман ӨКҚ брифингінде. 

Еске салайық, 3 тамыздағы жағдай бойынша, коронавирус жұқтырғандар саны 595 433-ке жетті. Оның ішінде, 489 135 адам аурудан айықса, 6 153 адам қайтыс болған. Екпе салу бойынша: Қазақстанда вакцинаның I-компонентін 5 480 094 адам, II-компонентін 3 941 941 адам салдырды. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети