Көкшетауда Назарбаев көшесінің бойында су құбыры жарылып, тұтас көше бойы үлкен көлге айналды. Қазіргі уақытта коммуналдық кәсіпорындар, төтенше жағдай қызметкерлері мен полицейлер оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Әкімдік қаланың ең негізгі көшесіндегі су құбырының жарылу себебін гидранттың ақауынан болғанын хабарлады.
"Бүгін Назарбаев көшесі бойында гидранттарда ақау пайда болды. Себеп-салдарын анықтау үшін Көкшетау қаласы әкімі Б.Ғайса оқиға орнына барды. Ақауды жоюға "Су арнасы" мекемесі мен өрт сөндіру қызметкерлері жұмылдырылды. Қазіргі уақытта су серпіні тоқтатылды, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Көкшетау қаласы әкімдігінен.
Әкімдік мәліметінше, қала бойынша осы жылы 23 гидрант және келесі 77 гидрант ауыстырылмақ.
Қала тұрғындары белшесінен су кешіп жұмыс істеп жатқан жұмысшыларға аяушылық білдіріп, оларға сыйақы төленуін сұрады.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.