Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
01 апреля 2020 17:17

"Көмекке мұқтаж барлық адамға жәрдем беріледі" - Абаев халықты сабырға шақырды

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:  primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қазақстандықтарды сабырға шақырып, тиісті көмек тұрғындарға берілетінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қазақстандықтарды сабырға шақырып, тиісті көмек тұрғындарға берілетінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жолдады. Президент өз үндеуінде дағдарысқа қарсы шаралардың екінші пакетін таныстырды. Бұл шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында кең көлемде жарияланып жатыр", - деді министр онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, Қазақстан үкіметі президент тапсырмасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарын дайындап жатыр.

"Ол дайын болғанда әрбір мемлекеттік орган өзіне жүктелген тапсырмалар туралы толық мәлімет береді. Яғни мемлекеттің көмегін қалай, қай жерде және қандай тәртіппен алу керегі нақты түсіндіріледі. Қазір бұл механизмдер пысықталып жатыр. Сондықтан үлгермей қаламыз деп уайымдаудың керегі жоқ. Тағы да қайталап айтамыз. Көмекке мұқтаж барлық адамға жәрдем беріледі. Мемлекет ешкімді қамқорлықсыз қалдырмайды", - деді Дәурен Абаев.

Осыған дейін бас санитар дәрігер COVID-19-тен қайтыс болғандар қалай жерленетінін айтып берген еді.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 372-ге жетті. 26 адам айықты, 3 науқас қайтыс болды. Сондай-ақ, Қарағанды облысында індеттен көз жұмған науқасқа қатысты ақпарат жарияланды

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети