Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
15 февраля 2020 14:42

Қордайдағы қақтығыс кезінде Қырғызстанға 23 мың адам өтіп кеткен

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Жамбыл облысының әкімдігі Қордайда болған қақтығыс салдарын цифрмен сөйлетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысының әкімдігі Қордайда болған қақтығыс салдарын цифрмен сөйлетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қордай ауданына жұмыс сапары барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі облыстық штаб отырысын өткізді.

Облыстық штабтың мәліметінше, 185 адам зардап шекті, оның 34-і ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, 39 тұрғын үй, 20 коммерциялық нысан және 47 автокөлік өртенді.

"7-13 ақпан аралығында Қордай, Қарасу, Аухатты, Сортөбе бақылау-өткізу пункті арқылы Қырғыз Республикасына 23 131 адам өткен, 21 261 адам келген", - деп хабарлады әкімдік өкілі.

Ауылдарды тазалау жұмыстарына 250 адам және 53 бірлік техника жұмылдырылды, 680 тонна құрылыс қоқысы шығарылды. Қазіргі уақытта 55 дүкен, 3 дәріхана, 14 АЖС және 30 басқа да коммерциялық нысан жұмыс істеп тұр.

Жоғалған құжаттарды қалпына келтіру үшін Сортөбе ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында мобильді халыққа қызмет көрсету орталығы құрылды. 54 туу туралы куәлік, 48 жеке куәлік, балалардың 1193 қосымша анықтама парағы, 15 жылжымайтын мүлікке құжат, 8 неке туралы куәлік, 1 төлқұжат берілді.

778 зардап шеккен отбасыға гуманитарлық көмек көрсетілді, 57,2 тонна азық-түлік пен алғашқы қажетті тауарлар берілді. 

Ауданда жағдай тұрақты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі Бердібек Сапарбаев халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зардап шеккен нысандарды, мүлікті, құжаттарды қалпына келтіру және елді мекендердегі қалыпты тіршілік жағдайын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.

Еске салайық, Жамбыл облысы Қордай ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай 2020 жылдың 8 ақпанында сағат 21:00-ден бастап жарияланған болатын. 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында төбелес басталған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл оқиғаны арандатушылар өз пайдасына жаратқысы келгенін мәлімдеген. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети