1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

Қорға қанша қаражат түскені белгісіз - әкім орынбасары су тасқынынан зардап шеккендерге көмек туралы05 мая 2020, 14:31

Көрнекі сурет. Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет. Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаман өңірдегі су басқан ауылдарға көмек ретінде ашылған қорға қанша ақша түскені әлі белгісіз екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қорды жарияладық. Бірақ әлі, мысалға кеше қаражат түспеген. Қазір ақпаратты қарастырып жатырмыз, әлі түспеген дейді. Бірақ бүгін қанша ақша түскенін ресми түрде пресс-релиз арқылы жариялатамыз ", - деді әкімнің орынбасары Facebook парақшасындағы тікелей эфирде.

Сонымен қатар, ол журналистің "мал шығыны қанша болды" деген сұрағына жауап берді. Айтуынша, бұл есеп те әзірге белгісіз. 

"Қазір ауыл шаруашылығы басқармасы цифрларды реттеп жатыр. Әлі бітірген жоқпыз", - деп қысқа қайырды облыс әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, бүгін таңертең Үкімет отырысында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев 7 елді мекенді су басу қаупі бар екенін мәлімдеген болатын. Сәкен Қалқаман бұл қауіп сейіліп, "Өзбекстан тарапынан су келіп жатқан жоқ" деді.

"Жақсы жаңалықтар бар. Менің қолымды гидрологиялық мамандардың - "Қазсушаруашылығы" РМК-ның өлшеген есебі бар. Жалпы алғанда су басқан ауылдарда су деңгейі 2, 3, 4 әртүрлі сантиметр болып төмендеп жатыр. Яғни, кетіп жатыр. Бұл Өзбекстан тарапынан су келіп жатқан жоқ дегенді білдіреді. Бүгінде жағдай тұрақталды деп айтуға болады. Енді біз жағдайды жақсартып, елді мекендерден суды шығару үшін орталық голодностеп каналынан судың төмендеуін күтіп отырмыз. Ол үшін Тараз, Шымкент, Қызылорда қалаларынан секундына 100 куб/метрге дейін су тарта алатын су сорғыштар алынды. Мұндай су сорғыштар белгілі бір орындарда орнатылады, содан соң су коллекторға, әрі қарай арықтарға кетеді", - деді ол. 

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары тұрғындарға берілетін "100 мың тонна азық-түлік таратылып жатқанын" жеткізді. 

Еске салайық, Өзбекстанда 1 мамырда болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басқанын мәлімдеген.

Сондай-ақ бүгін Үкімет отырысының басында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев су басқан ауылдарға байланысты баяндама жасап, Өзбекстан тарапы біздің коллекторларды тазалауға көмектесетінін айтқан болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!