Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 марта 2020 12:46

Коронавирус: Ақтөбеде мүгедектерге жәрдемақы қалай төленетіні айтылды

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар төтенше жағдай кезінде арнайы базадағы деректер бойынша жәрдемақы алады. Ол 15 сәуірге дейін азаматтардың есепшотына түседі. Бұл туралы Ақтөбе облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова облыс әкімдігінің Facebook желісіндегі онлайн-брифингі барысында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар төтенше жағдай кезінде арнайы базадағы деректер бойынша жәрдемақы алады. Ол 15 сәуірге дейін азаматтардың есепшотына түседі. Бұл туралы Ақтөбе облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова облыс әкімдігінің Facebook желісіндегі онлайн-брифингі барысында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде республикалық бюджеттен және жергілікті бюджеттен ақша мұқтаж адамдарға көмек беру мақсатында бөлінді. ІІ топтағы мүгедектерге жергілікті бюджеттен 20 мың теңге көлемінде тікелей есепшотына аударылатын болады. Бұған ешқандай құжат тапсырудың қажеті жоқ. Біздерде зейнетақы алатын зейнеткерлердің арнайы шоты бар. Сол базадан толық ақпарат алынады. Сәуір айының 15-іне дейін мүмкіндігі шектеулі азаматтардың есепшоттарына аударылады", - деді ол.

Оның айтуынша, бұл жәрдемақы І, ІІ топтың мүгедектеріне, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, мүгедек балаларды бағып отырған ата-аналарға, бала кезінен І топтағы мүгедектерге күтіп көрсететін тұлғаларға, жалғызбасты, жалғыз тұратын зейнеткерлерге, қазіргі уақытта амбулаториялық ем алып жатқан, әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғаларға, табысы күнкөріс деңгейінен төмен (бүгінгі күні күнкөріс деңгейі 27 666 теңге) отбасыларға беріледі.

"Отбасына келіп түсетін барлық табыс алынады. Отбасы мүшелеріне толығымен бөлінеді. Бөлген кезде әр тұлғаға 27 666 теңгеден кем болған жағдайда бұл отбасыға да 20 мың теңге көлемінде жәрдем беріледі. Құжат тапсыру үшін еш жерге барудың қажеті жоқ, - деп түсіндірді спикер.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Ақтөбе облысында коронавирус індетін жұқтырған 2 адам тіркелді.

Ал, осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 167 адам, Алматы қаласында - 73 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 9 адам, Атырау облысы - 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 6 адам, Ақтөбе облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 5 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 293 науқас тіркелді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети