Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
27 марта 2020 12:25

Коронавирус: Алматыдағы науқастың алғашқы сараптамасында ауру анықталмаған

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Бүгін Алматыда тіркелген науқастардың бірі 18 наурызда науқаспен жақын байланыста болды деп оқшауланған, тест тапсырған, теріс болған. Кейін 26 наурызда қайта тапсырған талдауы оң нәтиже көрсеткен. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Хабар24 телеарнасындағы онлайн-брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаланың жұқпалы аурулар стационарында 74 пациент бар және бір пациент сауығып кетті. Жаңадан анықталған 5 адамның ішінен төртеуі 26 наурызда Минск - Алматы рейсімен ұшып келді. Екеуі 26 наурызда Мәскеу - Алматы рейсімен ұшып келді. Ауырғандардың бірі 15 наурызда Ыстамбұл - Алматы рейсімен ұшып келді. 18 наурызда жақын байланыс жасаушы ретінде оқшауланған. Бастапқы талдау қорытындылары теріс нәтиже берген. Осы жылдың 26 наурызында талдауды қайта тапсырған кезде оң нәтиже шықты. Осы уақыт бойы ол оқшаулауда болды, - деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысында коронавирус індетін жұқтырған 3 науқас тіркелгені хабарланған.
Сонда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында - 48 адам, Қарағанды қаласында - 4, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Атырау облысында - 3 адам, Ақмола облысында - 1 адам, жалпы елде 124 науқас тіркеліп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети