Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
07 июля 2020 15:40

Коронавирус: елордалықтар қайда тест тапсыра алады?

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова астаналықтар коронавирусқа тестіні қайда тапсыра алатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова астаналықтар коронавирусқа тестіні қайда тапсыра алатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Вирус жұқтырғандармен жақын байланыста болғандар немесе ЖРВИ, пневмониясы бар науқастар коронавирусқа тестіні аумақтық поликлиникада тапсыра алады. Мұнда тестіні тапсыру қажеттілігі нақтыланады. ", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Сондай-ақ, ол жүкті әйелдер COVID-19 вирурсына тестіні қайда тапсыра алатынына тоқталды.

"Бұл топқа жататын тұрғындар тестіні №6, №9 поликлиникаларда және аумақтық поликлиникаларда тапсырып жатыр. Сондай-ақ, қала тұрғындары өз еріктерімен тест тапсырғысы келсе, оны ақылы түрде тапсыра алады. Қаладағы 8 зертханада алдын ала жазылу бойынша тест тапсыруға болады. Қазіргі таңда барлық зертхана жұмыс істеп тұр", - деді Сәуле Қисықова.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда 5 984 адам COVID-19 вирусын жұқтырды. 3 248 науқас індеттен айықты, 63 адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 49 683-ге жетті. 16 298 науқас жазылды, 264 адам аурудан көз жұмды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети