Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
02 июля 2020 10:29

Коронавирус жұқтырып, аурудан жазылған шенеуніктер кім?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде бірнеше әкім, депутат және басқа да шенеуніктердің коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Оның кейбірі бүгінде аурудан айығып, жұмысына оралған. Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің аурудан айыққаны белгілі болды. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус жұқтырып, аурудан жазылған шененуіктер туралы баяндайды.


Елімізде бірнеше әкім, депутат және басқа да шенеуніктердің коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Оның кейбірі бүгінде аурудан айығып, жұмысына оралған. Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің аурудан айыққаны белгілі болды. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус жұқтырып, аурудан жазылған шененуіктер туралы баяндайды.

Ералы Тоғжанов


Ералы Тоғжанов. Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

18 маусымда премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус жұқтырғаны хабарланған. Бұл туралы шенеунік Facebook-парақшасында жазған болатын.

"Құрметті қазақстандықтар! Менің де оқшаулануыма тура келді. Инфекциядан қанша сақтанғаныммен болмады. Менен ауру белгісі жоқ коронавирус инфекция анықталды.

Тезірек айығу үшін дәрігерлердің айтқанын істеп, жұмысқа ораламын. Азаматтардан сақтық шарасын - маска тағып, антисептик қолданып, қолды жиі жуып, гигиенаны сақтауды өтініп сұраймын. Аман-сау болыңыздар! ", - деген еді ол.

Ал кеше Тоғжановтың аурудан жазылғаны белгілі болды. Ақпаратты үкіметтің баспасөз қызметі растады.

"Ералы Лұқпанұлы 10 күн ем алған соң коронавирусты анықтауға тапсырған сараптамасы теріс нәтиже көрсетті. Ол жұмысқа кірісті", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Берік Уәли


Берік Уәли ауруханадан шығар кезде. © instagram.com/berikuali

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли де коронавирус жұқтырып, аурудан айыққан. Ол COVID-19 табылғанын 6 маусымда Facebook-парақшасында жазған болатын.

Кейін Берік Уәлидің жағдайы қалай екені хабарланды.

"Менде симптомдар коронавирус анықталғаннан кейін байқала бастады. Дене қызуым жоғарылап, тамағып қышып, бүкіл денем сынып тұрғандай болады. Дене қызуым он күндей түспей қойды, кей күні 39 градусқа жетті. Тәбетім де болмады. Дәрігерлер тексерген кезде пневмония деген диагноз қойды, хаттама бойынша ем жазып берді. Кешеден бастап қана өзімді жақсы сезіне бастадым. Дене қызуым түсіп, тыныс алуым да жақсарды", - деп жазды ол 18 маусымда.

22 маусымда Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы ауруханадан шықты. Instagram желісіндегі парақшасында ол жағдайының жақсарғанын айтып, медицина қызметкерлеріне алғысын білдірген.

Камалжан Надыров


Камалжан Надыров. Фото: Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

Сәуірдің аяғында Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған Камалжан Надыровтан коронавирус табылған. Бұл туралы сол кездегі денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеген болатын.

Бұл елімізде коронавирус жұқтырғаны хабарланған алғашқы шенеуніктердің бірі еді. Көп ұзамай Надыровтың өзі қазақстандықтарға үндеу жасаған.

"Өздеріңіз білетіндей, мен қазір елордадағы стационарлардың бірінде ем алып жатырмын. Бұл жаңалық осындай шу туғызады деп ойламаппын да. Қолдау көрсетіп, көп хабарлама жазғандарыңызды көрдім. Бұл, әрине, маған күш береді, сіздерге рақмет! Қуанышқа орай, ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Дәрігерлеріміз бар күшін салып, кәсіби тұрғыда жұмыс істеп жатыр. Оларға рақмет, бас иемін, олар - нағыз батырлар!", - деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.

Ал 19 мамырда Камалжан Надыровтың аурудан жазылғаны белгілі болды. Ол басында коронавирус жеңіл түрде өткенін мәлімдеді. Ал кейін симптомдары қатты білініп, жағдайы нашарлаған.

Маусымның басында Камалжан Надыров Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Ғалым Әшімов


Ғалым Әшімов 

2 маусымда Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовтен коронавирус табылғаны хабарланды.

"Теміртау қаласы әкімінің коронавирус инфекциясына сынамасы оң нәтиже көрсетті. Қазіргі уақытта Ғалым Әшімов үйінде. Дәрігерлер денсаулық жағдайын тұрақты деп санайды. Шағымдар жоқ. Әкім 14 күн бойы оқшауланады", - деген еді сол кезде әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Ведомствоның хабарлауынша, әкімдікте Әшімовпен байланыста болған қызметкерлер коронавирусқа тест тапсырған. Бәрі де теріс нәтиже көрсеткен. Қала әкімінің міндеттері әкім орынбасары Мирас Құттыбайға жүктелген. Теміртау қаласы әкімдігінің кеңсесі қалыпты режимде жұмыс істей берді.

Ал 11 маусымда Әшімовтің аурудан айыққаны хабарланды.

"Қазіргі уақытта Ғалым Әшімовтің денсаулығына алаңдайтын себеп жоқ. Соңғы тест теріс нәтиже көрсетті. 15 маусымда жұмысқа шығуы мүмкін. Еңбекке жарамсыздық парағының мерзімі аяқталып жатыр", - деді әкімдіктегілер.

Әкімдік өкілдері әкімде аурудың белгілері байқалмай, жеңіл түрде өткенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің аурудан жазылғаны хабарланды. Нығматулин екі апта бойы емделген болатын. 16 маусымда Нығматулин коронавирусқа кезекті тестілеу өткізген. Сынақ оң нәтиже көрсетті. Бірақ Мәжіліс төрағасында коронавирус симптомдары болмаған.

Айта кетейік, Қазақстанда барлығы 42 574 адамнан коронавирус табылған. Оның 13845-і аурудан айықса, 188 науқас қайтыс болған. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети