Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 июля 2020 17:11

Коронавирус жұқтырып, ауруханада жатқан науқастар несиесін қалай төлейді? Маманның жауабы

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: Тұрар Қазанғапов© Иллюстрациялық фото: Тұрар Қазанғапов©

Коронавирус жұқтырып, аурудан емделіп жатқандар екінші деңгейлі банктер мен өзге де қаржылық ұйымдар алдындағы кредит төлеу мерзімі мен шартын өзгерте алады. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Коронавирус жұқтырып, аурудан емделіп жатқандар екінші деңгейлі банктер мен өзге де қаржылық ұйымдар алдындағы кредит төлеу мерзімі мен шартын өзгерте алады. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер онлайн брифингте вице-министрден коронавирус жұқтырып, ауруханада емделіп жатқан және індет қаупімен үй карантинінде оқшауланған азаматтардың екінші деңгейлі банктер мен өзге де қаржылық ұйымдар алдындағы кредит төлеу мерзімі мен шарты қалай өзгеретінін және несие-қаржылай берешектерін ешбір өсімпұлсыз, пайызсыз шегерудің қандай амалдары қарастырылғанын сұрады.

Мәди Тәкиев арнайы комиссия отырысында бизнесті қолдау шарасы қаралғанын атап өтті. Айтуынша, несиені 90 күнге дейін кейінге шегеруге болады. Ол үшін әр адам банкке не қаржылық ұйымдарға жүгінуі керек.

"Біздің мемлекеттік комиссия маусымда бизнесті қолдау жоспарын қабылдады. Оның ішінде бизнес несиелері бойынша кейінге қалдыру тәртібі болды. Арнайы тәртіпті қаржы нарығын реттеу агенттігі 15 маусымда қабылдады. Қарыздар 90 күннен кем емес кезеңге қайта құрылымдау және кейінге қалдыру үшін банктер мен микрокредиттік ұйымдарға жеке тәртіппен жүгінуге болады", - деді ол ОКҚ онлайн-брифингінде.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 49 683-ке жетті. 16 183 науқас аурудан айықты, 264 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети