Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 июня 2020 19:44

Коронавирус: Қазақстанның тағы 4 қаласында "Олимп" лабораториясы ашылады

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Алматыда коронавирусты анықтайтын ПТР тестілеу жүктемесін жеңілдету үшін көршілес қалаларда лабораториялар ашылады. Бұл туралы "ОЛИМП КДЛ" бас директоры Ерлан Сүлейменов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда коронавирусты анықтайтын ПТР тестілеу жүктемесін жеңілдету үшін көршілес қалаларда лабораториялар ашылады. Бұл туралы "ОЛИМП КДЛ" бас директоры Ерлан Сүлейменов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, лаборатория 4 қалада ашылады. Содан соң Алматының жүктемесі жеңілдейді.

"Біздің лабораториямыз Қазақстанда коронавирус эпидемиясының басынан бері жұмыс істеп жатыр. Біз ел бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Қазір алдағы міндетіміз - Алматыға басқа қалалардан ПТР тестілеуге келетін анализдердің жүктемесін азайту. Ол үшін көршілес Талдықорған, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалаларында лабораториялар ашып жатырмыз. Егер бәрін ойдағыдай іске асырсақ, онда Алматыға келетін басқа аймақтардан өтінім түспейді", - деді Ерлан Сүлейменов онлайн-брифингте.

Сондай-ақ, ол неліктен "Олимп" лабораториялары ПТР тест анализдерін қабылдамай жатқанын түсіндірді.

"Лабораториямыз тәулік бойы үздіксіз жұмыс істегендіктен, құрал-жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді талап етіп отыр. Сондықтан біз жабдығымыз алдағы уақытта сынып қалмауы үшін қысқа уақытқа талдау жасауды тоқтата тұрдық. Санитарлық-эпидемилогиялық шаралар - жуу, тазалау, дезинфекциялау деген сияқты техникалық жұмыстарды да атқару керек. Сонда бізге жүктелген талдауларды қиындықсыз жалғастыра аламыз", - деді Сүлейменов.

Айта кетейік, Алматыда жалпы коронавирусты анықтайтын 6 зертхана бар. Олар күніне 4 мыңға дейін сынаманы зерттей алады.

Еске салайық, Қазір Нұр-Сұлтанда коронавирусты анықтайтын тестілеуге кезек ұзарған. Олардың арасында себепсіз келетін тұрғындар бар. Сол себепті қаладағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордалықтарды себепсіз тест тапсырмауға шақырған еді.

Соңғы мәліметтер бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 16 351-ге жетті. 10195 адам аурудан айықты. 105 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 441.41   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети