Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 июня 2020 19:49

"Шындықты айтайын". Бекшин зертханалар жұмысында қиындық туындағанын айтты

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ria.ru Фото: ria.ru

Коронавирусты анықтайтын зертхана орталығының аспабы істен шықты. Бұл туралы Алматы қаласы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі


Коронавирусты анықтайтын зертхана орталығының аспабы істен шықты. Бұл туралы Алматы қаласы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Ол Алматыда тест тапсыратын зертханалар толық қуатта жұмыс істей алмай отырғанын атап өтті.

"Қаладағы инфекциялық стационарларға салмақ түсіп жатыр. Себебі, ауруды жұқтыру өсімі үдеп бара жатыр. Бұл біздің диагностикалық әлеуетімізді күшейтуді талап етеді. Өкінішке қарай, 3-4 айда зертханалардағы кейбір аспап істен шықты. Олар сынып жатыр", - деді ол. 

Оның айтуынша, Алматыда жалпы коронавирусты анықтайтын 6 зертхана бар. Олар күніне 4 мыңға дейін сынаманы зерттей алады екен. Алайда қаланың бас санитар дәрігері мәселе бар екенін айтты.

"Шынын айту керек, аспаптар жұмыс істемей қалды. "Олимп" зертханасындағы аспаптарды да жөндеу керек. Сондай-ақ, лабораториядағы зерттеулердің тапшылығы бар. Мысалы, оңтүстіккореялық мамандар жұмыс істеп жатқан зертханада тестілер бар. Бірақ оған қосымша аспап керек. Сондықтан осындай тапшылық туындап отыр", - деді Бекшин.

Сонымен қатар, ол бұл мәседе қашан шешілетініне тоқталды.

"Алдағы аптаның сейсенбісінде Оңтүстік Кореядан тиісті аспап жеткізілуі керек. Осылайша, сәрсенбіде серіктес оңтүстіккореялық зертхана іске қосылады. Сондай-ақ, "Олимп" зертханасы дүйсенбіден бастап, жұмысын бастайды. Өзінің аспаптарын жөндейді", - деді Алматы қаласы бас санитар дәрігері.

Айта кетейік, Алматыда 3 586 адам қауіпті вирусты жұқтырды. 2 157 науқас дертінен айықты, 17 адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 16 351-ге жетті. 10 195 науқас жазылды, 105 адам аурудан көз жұмды. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети