Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
07 июля 2020 13:01

Коронавирус статистикасына сенуге бола ма? Министр жауабы

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі коронавирус жұқтырғандар жөніндегі статистиканың сенімділігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі коронавирус жұқтырғандар жөніндегі статистиканың сенімділігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің статистика ресми расталған ПТР тестінің санына негізделген. Яғни коронавирус инфекциясына байланысты. Мұны түсіну өте маңызды. Әрине, мұндай деректер көп шығар. Алайда біз қазіргі таңда қолымызда бар ресурсты пайдалана білуіміз керек", - дейді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінде коронавирус жұқтырған және симптомы жоқ науқастарды емдеуге басымдық беріледі.

"Осыған басымдық беріліп отыр. Науқастың жағдайын қалай бағалаймыз? Ол инфекция жұқтырғандардың тобына жата ма? Науқаста пневмония шығар? Сондықтан біз үшін арнаулы топты тестілеу өте маңызды. Қазіргі таңда алдымызға барлығын тестілеуден өткізу мақсатын  қойған жоқпыз", - деді Алексей Цой.

Министр оның себебін түсіндірді.

"Өйткені, науқаста аурудың симптомы болмаса, ол 14 күнде үйінде жатып қарала алады. Кейін жазылып кетуі мүмкін. Яғни қазіргі таңда басымдық көмек қажет адамдарға беріліп отыр. Ол - симптомы бар науқастар мен ауру жұқтырған науқастармен жақын байланыста болғандар", - деді басшы.

Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі медициналық қолғаптың сапасын сынаған дәрігер қызметінде өскенін айтқан болатын.

Айта кетейік, Қазақстанда 49 683 адам коронавирус жұқтырды. 16 183 науқас дертінен айықты, 264 адам қайтыс болды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети