Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
26 марта 2020 13:56

Коронавирусқа экспресс-тесті кім тегін тапсыра алады?

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Экспресс-тесті халықтың әлеуметтік осал топтары, қарттар мен 18 жасқа толмаған азаматтар, сондай-ақ науқастармен байланыс жасайтын дәрігерлер тегін тапсыра алады. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Экспресс-тесті халықтың әлеуметтік осал топтары, қарттар мен 18 жасқа толмаған азаматтар, сондай-ақ науқастармен байланыс жасайтын дәрігерлер тегін тапсыра алады. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізге экспресс-тест әкелетін бірнеше демеуші бар. Бірнеше компанияға елге әкелуге рұқсат бердік. Бірінші партия осы аптада келеді. Экспресс тест "Олимп" лабораториясының базасында жасалады. Бұл науқастың қанындағы қарсы денелерді анықтайды. Яғни, қазір коронавируспен қатты ауырып жатқанын және ауырған болса, сырқаты жеңіл түрде өткенін анықтап береді. Науқастар категориясын айтатын болсам, халықтың әлеуметтік осал топтары тапсыра алады. Яғни, тыныс алу жолдарының сырқатына байланысты диспансерлік есепте тұрғандар... Сондай-ақ үлкен жастағы ересек адамдар және 18 жасқа дейінгі азаматтар, - деді комитет төрағасы ДСМ медиаорталығындағы баспасөз мәслихатында.

Ведомство өкілінің айтуынша, Қазақстанның кез келген азаматы алдағы уақытта "Олимп" клиникалық-диагностикалық лабораториясына барып, ақылы түрде экспресс-тест тапсыра алады.

"Қазақстандықтар "Олимп" лабораториясына барып, ақылы түрде экспресс-тест тапсыра алады. Тегін біз (ДСМ - авт.) жасаймыз. Біз тек ауру жұқтыру қаупі жоғары деген азаматтардың анализін тексереміз. Бірақ, тағы айта кетейін, бұл экспресс-тест ауруды алдын ала анықтай алмайды. Экспресс-тест ауырып жүрген не ауырып, жазылып кеткендігін анықтай алады, - деді Людмила Бюрабекова.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 97-ге жетті.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети