Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
05 июня 2020 12:13

Коронавирустың екінші толқыны: маңызды мәлімдемелер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Мамандар дүниежүзі коронавирустың екінші толқынынан қашып құтыла алмайды деген пікірде. Қазақстанда да қауіпті індет жалғасуы мүмкін. Дәрігерлер оған дайын болуға шақырады. Екінші толқын туралы елімізде қандай пікірлер айтылып жүр? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.


Мамандар дүниежүзі коронавирустың екінші толқынынан қашып құтыла алмайды деген пікірде. Қазақстанда да қауіпті індет жалғасуы мүмкін. Дәрігерлер оған дайын болуға шақырады. Екінші толқын туралы елімізде қандай пікірлер айтылып жүр? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.

Тоқаев қандай тапсырма берді?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мамырдың аяғында коронавирустың екінші толқынына дайын болуды тапсырған.

"Мен осыған дейін айтқанымдай, біз коронавирустың екінші толқынына дайын болуымыз керек. Жағдай ушығып жатыр, біздің елде де, басқа елдерде де қауіпті инфекция анықталып жатыр. (...) Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысын күшейту керек", - деді Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Ал таяуда Тоқаев екінші толқын қаупі сейілмегенін, сондықтан індеттен қорғанудың жолдарын ұстануға шақырған.

"Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. К/вирустың екінші толқынының қаупі сейілмегенін ДДҰ да растады. Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануға тағы да шақырамын", - деп жазды Тоқаев.


© Reuters 

"Мамырда екінші толқын басталған"

Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны мамырда басталып кеткен. Мұндай мәлімдемені денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жасады.

"Қазақстанда коронавирустың бірінші толқыны болды: сәуірдің екінші жартысында індет шарықтау шегіне жетіп, ауру жұқтырғандардың саны артты. Мамырдың ортасында індет жұқтырғандардың саны қайта өсті. Бұл коронавирустың екінші толқыны басталғанын білдіреді", - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бірақ, Біртановтың айтуынша, бұл коронавирустың дүние жүзін күтіп тұрған қауіпті екінші толқыны емес. Ол нағыз екінші толқын қазанда маусымдық эпидемиялар басталған кезде болатынын айтады.

Қазақстан екінші толқынға қаншалықты дайын?

Елжан Біртанов коронавирустың екінші, үшінші және одан да көп толқыны болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ал Қазақстан оған қаншалықты дайын?

"Бұл өте қиын, өйткені дайындық инфрақұрылымды нығайтуды қажет етеді. Біз ауруханалар салу және жеке қорғаныс құралдарын өндіруді кеңейту сияқты тәсілдерді жүзеге асырып жатырмыз. Біз медициналық қызметтерді, бірінші кезекте, санитарлық қызметтер мен медициналық инфекцияларға қарсы қызметтерді күшейту және нығайту жоспарын жасадық, оны Үкімет бекітті", - дейді министр.


Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Оның айтуынша, коронавирустың сценарий жағымсыз болуы да мүмкін.

"Бүгін біз карантин орталықтарын қысқартып жатырмыз, көптеген қонақүй өз қызметіне оралды, ықтимал науқастарға арналған уақытша ауруханалар күнделікті жұмысын бастады. Жоғарыда айтқанымдай, жұқпалы аурулар ауруханалар жұмысы қалыпты. Біз бұл толқынға қарсы тұрдық, бірақ, әрине, бұл өте ауыр індет. Өкінішке қарай, көптеген елде өлім-жітім деңгейі жоғары болды. Жағымсыз сценарийді жоққа шығаруға болмайды. Бәріміз сақ болуымыз керек. Біз үшін бұл күзге қарқынды дайындалудың қажеттілігі және мүмкіндігі", - деді Біртанов.

Екінші толқынның алдын алу үшін қандай шаралар қабылданған?

Коронавирустың екінші толқынының алдын алу үшін Қазақстанда түрлі шара қабылданған. Қазақстан мемлекеттік бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың айтуынша, қазір ауруханаларға көңіл көп бөлініп жатыр.

"Біз алғашқы медициналық-санитарлық көмек, стационарлық медициналық көмек және ауру ошақтарын тексеретін санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің жұмысшыларын оқытуымыз керек. Маусымдық ауруға дайын дайын болу жолындағы басты бағытымыз - осы", - деді ол.


© Reuters 

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарға адамдар көп жиналатын жерлерде жылу құрылғыларын орнату тапсырылған.

"Коронавирус жұқтырған науқастардың температурасы көтеріліп, мұрны бітеледі және жөтел қысады. Дене қызуының жоғарылауы байланыссыз термометрия арқылы анықталады. Мұндай адамдарды жаппай жиналатын жерлерде анықтау өте маңызды. Жергілікті атқарушы органдарға адамдар көп жиналатын жерлерді жылу құрылғыларымен қамтамасыз етуді қарастыру тапсырылды. Бұл - медициналық ұйымдарда, оқу орындарында, әуежайларда, теміржол вокзалдарында және т.б", - дейді Айжан Есмағамбетова.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 12 312-ге жетті. Оның ішінде 6606 адам аурудан жазылған. COVID-19 індетінен елімізде 52 адам қайтыс болған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети