Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
18 июня 2020 18:16

Короновирус жұқтырған 54 марқұмның басқа аурулары болған - Ақтаева

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева СOVID-19 жұқтырған 54 марқұмның басқа аурулары болғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі


Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева СOVID-19 жұқтырған 54 марқұмның басқа аурулары болғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Ол елімізде 97 науқас коронавирус инфекциясынан көз жұмғанын атап өтті.

"Елімізде 97 науқас коронавирустан қайтыс болды. Бұл жағдайда коронавирус науқастың өліміне себеп болды. Сонымен қатар, коронавирус жұқтырған тағы 54 адам өліміне басқа аурулары себеп болған. Мысалы, инфаркт, инсульт, онкологиялық аурулар сынды аурулар. Ол науқастың жағдайын ушықтырды", - дейді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, Ләззат Ақтаева науқас коронавирустан қайтыс болған жағдайда бұл деректі арнайы комиссия талдаудан өткізетінін жеткізді.

"Өңірлердегі денсаулық сақтау басқармалары жанындағы адам өліміне талдау жасайтын комиссия бар. Оның құрамында профильді мамандар, медициналық жоғары оқу орындарының қызметкерлері, сапаны бақылау комитетінің қызметкерлері бар. Олар медициналық құжаттарды, эпидемиологиялық мәліметтерді қарап, тиісті қорытынды шығарады", - дейді министрдің міндетін атқарушы.

Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева СOVID-19 вирусын жұқтыру өсімі 15 өңірде байқалғанын мәлімдеген болатын.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 15 887-ге жетті. 9902 науқас дертінен айықты, coronavirus2020.kz сайтының мәліметінше, 100 адам қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети