Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
25 марта 2021 12:50

"Көзбояушылық". Тоғжанов Жер реформасы бойынша комиссия жұмысын сынағандарға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері мен өңірлердегі өкілдер қатысты. Отырыс соңында белсенді Айдын Егеубаев комиссия жұмысын сынға алып, "көзбояушылықпен айналысуды қою керегін" айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері мен өңірлердегі өкілдер қатысты. Отырыс соңында белсенді Айдын Егеубаев комиссия жұмысын сынға алып, "көзбояушылықпен айналысуды қою керегін" айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Президенттің өзі "Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?" деді. Сол сөзге мән берейік. Бұл жерде елдің, жердің болашағы тұр. Ресей азаматы, Кипр азаматы, Қытай азаматына кім жерді берді? Халықтың өзі он сотық жер ала алмай отырған кезде, бұлар миллиондаған, мыңдаған гектарды қалай алып отыр? Барлық тізімді беремін, осында талқылаңыздар. Өтірік көзбояушылықты қою керек. Халыққа шынайы ақпарат беретін жұмыс тобы құрыла ма? Құрылсын", - деді ол. 

Белсендінің сынына комиссия төрағасы, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді. 

"Айдын бауырым, мына жерде ешқандай көзбояушылық болуы мүмкін емес. Бұл жерде елге жаны ашитын ел азаматтары отыр. Сондықтан өзіңізге де арнайы қатысуға рұқсат берілді. Сіз даладан келіп отырған жоқсыз. Осы жерде айтылған әңгімелерге тікелей куәсіз. Сіз ғана емес, бүкіл қазақтың баласы да куә. Бағана айтып өттік, бәрі тікелей эфирден жүріп жатыр. Сондықтан ешкім еш жерден тығып отырған мәселе жоқ. Осы есіңізде болуы керек. Эфир жүріп жатыр, оның бәрін көріп отырсыздар. Сондықтан сізбен бірге жұмыс істейміз, нақты ұсыныстарыңызды комиссия хатшысы отыр, соған ұсынуыңызға толық мүмкіндігіңіз бар. Келіп, қасымызда болып, қатысқаныңыз үшін сізге де рақметімді айтамын", - деді Ералы Тоғжанов.

Еске салайық, 23 наурызда Жер реформасы бойынша комиссия құрамы бекітілген болатын.

Комиссия құрамына Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбаев, сондай-ақ Сенат депутаттары кірді:

Әли Бектаев,
Мұхтар Құл-Мұхаммед,
Мұрат Бақтиярұлы,
Ақылбек Күрішбаев,
Ерік Сұлтанов.

Мәжіліс депутаттарынан Комиссия құрамына:

Александр Конуров,
Асқарбек Үйсімбаев,
Бекболат Тілеуханов,
Берік Әбдіғалиұлы,
Бақытбек Смағұл,
Жанарбек Әшімжанов кірді. 

Толық тізіммен мына жерде танысуға болады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети