Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
23 июля 2020 13:08

"Күнәһар болғым келмейді". Сағынтаев наразы тұрғындардың сынына жауап берді

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданы Зерделі ықшамауданындағы жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізілген көпқабатты үйдің тұрғындарын сабырға шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданы Зерделі ықшамауданындағы жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізілген көпқабатты үйдің тұрғындарын сабырға шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бүгін Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен онлайн баспасөз мәслихатында алматылықтар әкімге сұрақ қойды.

"Алатау ауданының тұрғындары хат жазыпты. Мәселе Зерделі ықшамауданындағы тұрғын үйге қатысты болып отыр. Өйткені ондағы пәтер иелері қайта жөнделген үйдің сапасына көңілі толмай күмәнмен қарайды. Осы мәселеге қатысты пікір білдірсеңіз?", - деді "Алматы" телеарнасының журналисі тікелей эфирде.

Алматы қаласының әкімі бұл мәселеден хабары барын жеткізді.

"Бұл мәселені білемін. Ол қоғамның, баспасөз қызметінің бақылауында тұр. Біз бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарап отырмыз. Үйді қалпына келтіру жұмысы аяқталды. Оған "ҚазИСА" мекемесі қорытынды шешім шығарды. Үй тексерістен толығымен өтті. Ондағы пәтерлердің  есіктері сынып, қабырғалары жарылған, бәрі қалпына келтірілді. Үйдің қасбетіне, подъездерде жөндеу жұмысы жүргізілді, жұмыс бітті. Біраз адам үйіне кіре бастады. Алайда біраз тұрғындардың сұрағы бар. Қазір біз оны әрбір пәтер иесімен жеке сөйлесіп, шешіп жатырмыз", - деді ол.

Оның айтуынша, мұнда мәселе бір үймен шектелмейді. Қала әкімі бұл мәселе алдағы уақытта шешіледі деп сендірді.

"Мәселе №719 үймен шектелмейді. Өткен жылдың соңында тұрғын үй қисайған. Қазіргі таңда жағдайы осыған ұқсас бірнеше үй бар. Бұл үйдің тұрғындары мәселесін өткен жылдың желтоқсан айында айтқан. Осыған байланысты қисайған үйдің жанындағы екінші үйде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егер қателеспесем, осындай жағдайда тұрған 6 үй бар. Бір үйдің мәселесін шештік. Екінші үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалған үйлерді жөндеу үшін қаржы бөлінді. Қалған 5 үйді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Барлық үй біздің бақылауымызда. Өйткені, онда көп адам тұрады", - деді Сағынтаев.

Сонымен қатар, ол бұл үйдің тұрғындарымен жеке сөйлескенін атап өтті.

"Мен осы үйдің тұрғындармен кездестім. Олар менен "үйдің сапалы жөнделетініне қаншалықты кепілдік бересіз? Үй сапасыз жөнделмей ме? Осы үйлер апат жағдайында болмай ма?" деп сұраған. Мен оларға "Құдайдан қорқамын. Өтірік айтып, болар-болмас бірнәрсені бітіріп, ал үйлеріңізге кіріңіздер деп күнәһар болғым келмейді" деп жауап берген едім. Осы сөзді қайталағым келеді. Сондықтан әрбір үйдің жағдайын мұқият бақылып отырмыз. Бұл бір ғана адам тұратын үй емес. Ол - көпқабатты, көппәтерлі үй. Бұл мәселе үлкен жауапкершілікпен қараған жөн", - деп түйіндеді сөзін қала әкімі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети