Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
27 января 2022 10:42

"Құр әңгіме, түсініксіз жоспарлар" - Сенатор "Самұрық-Қазына" қорының басты кемшілігін атады

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: sk.kz Фото: sk.kz

Сенатор Еділ Мамытбеков "Самұрық-Қазына" қоры туралы заңды қайта қарау не тіпті оны ел экономикасының дамуын тежеуші ретінде жою қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенатор Еділ Мамытбеков "Самұрық-Қазына" қоры туралы заңды қайта қарау не тіпті оны ел экономикасының дамуын тежеуші ретінде жою қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатор депутаттық сауалында 600-ге жуық ұйымды қамтитын квазимемлекеттік секторды, әсіресе "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын түбегейлі реформалау жөніндегі Президент алға қойған міндеттерді іске асырудың маңызын атап өтті.

"Соңғы уақытта "Самұрық-Қазына" қорына қатысты шағымдар аз емес. Бұған себептер де жеткілікті - Холдингтің құрамына көптеген қуатты институттар кіреді, олардан қайтарымын күткенімізге көп болды. Ал ол жоқ! Құр әңгіме, түсініксіз жоспарлар, жобалар, бағдарламалар ғана бар. Қордың басты кемшілігі - оның көп миллиардтық мемлекеттік қаражатты бөлудегі және жұмсаудағы схемаларының көмескілігі мен шатасуы болып отыр", - дейді сенатор.

Еділ Мамытбеков, сондай-ақ, Үкімет алдына қорды жаңғырту жөніндегі қабылданатын үлгінің тиімділігіне қатысты бірқатар мәселе қойды.

"Бәсекелестік ортаға қандай активтер беріледі? Ұлттық экономикалық қауіпсіздік мүдделері қалай ескерілетін болады? Барлығын бәсекелестік ортаға беру керек пе? Қорды жаңғыртудың қабылданатын үлгісінің тиімділігі қандай, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын қысқарту мөлшері қандай? Бұл ретте біз стратегиялық маңызды объектілер мемлекеттің бақылауында қалуы тиіс және жекешелендіруге жатпауы керек деп есептейміз", - деді ол.

Сенатор Үкімет аталған проблемалар мен міндеттер бойынша өзінің мемлекеттік ұстанымын қабылдап, әзірлеуі қажет екені айтты. 

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети