Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 апреля 2021 15:24

Қызылорда қаласының жаңа әкімі туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғанибек Қазантаев Ғанибек Қазантаев

Бүгін Қызылорда қаласының әкімі болып Ғанибек Қазантаев тағайындалды. Қаланың жаңа әкімі туралы не белгілі? Tengrinews.kz тілшісі Ғанибек Қазантаев туралы деректер жинады. 


Бүгін Қызылорда қаласының әкімі болып Ғанибек Қазантаев тағайындалды. Қаланың жаңа әкімі туралы не белгілі? Tengrinews.kz тілшісі Ғанибек Қазантаев туралы деректер жинады. 

Ғанибек Қонысбекұлы Қазантаев 1960 жылы 20 наурызда Шиелі ауданында туған.  Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын инженер құрылысшы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік  университетін мұнай-газ кен орындарының инженері мамандығы бойынша тәмамдаған. Ұзақ жылдар облыстың мұнай саласында еңбек еткен.

Еңбек жолын 1980 жылы Жалағаш ауданында жылжымалы механикаландырылған колоннаның мастері болып бастапты. 1981-1983 жылдары Кеңес әскері қатарында болған.

Әскерден оралған соң, 1992 жылға дейін Қызылорда облысындағы құрылыс мекемелерінде мастер, өндіріс-техникалық бөлімінің басшысы, бас инженер болып қызмет атқарды.

Осыдан кейін 20 жылдай түрлі компанияда қызмет еткен. 1992-ден 2013 жылға дейін "Нефтегаз строй Кызылорда" корпорациясының президенті, "АйДан" ЖШС атқарушы директоры, "Ақмешіт" АҚ президенті, "Сырдария мұнай" АҚ бас директоры, "Транснефтьсервис" ЖШС бас директоры, Kazpetrol Group ЖШС атқарушы директоры болған.

Ал 2013 жылы мемлекеттік қызметке келген. Сол жылы 30 маусымда Сырдария ауданының әкімі болып тағайындалған. Аудан әкімі болып алты жыл жұмыс істеген. 

2019 жылдың қазанында Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқарма басшысы қызметіне келді.

Қызылорда қаласының жаңа әкімінің әкесі Қонысбек Қазантаев Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ол 1923 жылы қазіргі Қызылорда қалалық округі, Қызылжарма ауылында туған. КСРО және Қазақстан Жоғарғы кеңестерінің депутаты болған. Қызылорда қаласында бір көшеге Қазантаев есімі берілген. 

Ғанибек Қазантаев әлеуметтік желілерде белсенді емес. Әкімнің Facebook-те де, Instagram-да да парақшасы жоқ. Жеке өмірі, отбасы туралы да ақпарат жоқ. 

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев болған еді. Ол 2 сәуірде ҚР премьер-министрі кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети