ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
02 февраля 2022 | 10:16

Мәжілістің жаңа төрағасы жаңа Қазақстанды құрудағы депутаттардың ролін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. Фото: Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет. Фото: Тұрар Қазанғапов

Парламент Мәжілісінің жаңа төрағасы Ерлан Қошанов жаңа Қазақстан құрудағы депутаттардың ролін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Парламент Мәжілісінің жаңа төрағасы Ерлан Қошанов жаңа Қазақстан құрудағы депутаттардың ролін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Төраға жалпы отырысты бастамас бұрын бірнеше мәселені атап өтті. 

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқан жаңа Қазақстанды құру жолында Парламентке артылар жүк те, жауапкершілік те зор. Сондықтан сындарлы кезеңде халық сеніміне шығып, Президент бастамаларын барынша қолдау біздің, депутаттардың басты міндеті. Сайлаушылар тарапынан депутаттарға қойылатын талап та қашан да жоғары екенін өздеріңіз білесіздер. Әсіресе қаңтар оқиғалары бүкіл еліміз үшін үлкен сын болды. Күн тәртібінде Тәуелсіздігіміз бен мемлекеттілігіміздің тұтастығын сақтап қалу мәселесі тұрды. Елімізге қауіп төнген сын сағатта Мемлекет барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, батыл шешімдер қабылдады. Президент халық қауіпсіздігі мен мемлекет мүддесі бәрінен биік екендігін өз ісімен дәлелдеді", - деді Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысында. 

Төраға бұл талап әсіресе депутаттар үшін басты қағида болуы тиіс екенін атап өтті.

"Бірінші кезекте, Парламент жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуіміз қажет. Халық сайлаған депутаттар - ең алдымен өз сайлаушыларына жақын болу керек. Қоғамның үнін естіп, халықтың тілін түсіну және дер кезінде шаралар қабылдау - кез келген келеңсіздіктің алдын алудың негізгі алғышарты екені түсінікті. Сондықтан алдағы уақытта, депутаттар корпусының азаматтық сектормен, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен, әсіресе, өңірлердегі қоғам белсенділерімен тығыз байланысын одан ары жандандыратын боламыз. Бұл - Президент бекіткен "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидасын нәтижелі жүзеге асырудың да басты ұстанымы", - деді төраға.

Қошанов жаңа міндеттерді орындау үшін азаматтық қоғаммен қатар, мемлекеттік органдардың барлық тармағымен, соның ішінде, Сенатпен, Үкіметпен, Сот саласымен өзара тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтіндерін айтты.

"Жұртпен қарым-қатынас, олардың мүдделерін қорғау - сіздер мен біздің күнделікті жұмысымыздың негізі. Депутаттардың сайлаушылармен тиімді жұмыс істеуі үшін біз барлық жағдайды және қосымша мүмкіндікті жасауымыз қажет. Мүмкін, халықпен кездесу форматын қайта қарауымыз керек шығар. Тамыршыдай тап басып, жұрттың мұң-мұқтажын білу үшін және заңдар қабылдау арқылы олардың көкейкесті проблемаларын шешу үшін біз сайлаушылармен жиірек кездесуге тиіспіз", - деді төраға. 

Еске салайық, кеше, 1 ақпанда Ерлан Қошанов ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы болып сайланған еді. Ол бұған дейін Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен ресми түрде босатылған.  

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 491.74   530.25   5.02 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети