"Мал қырылып қалуы мүмкін". Ақтөбеде қойда қауіпті жұқпалы ауру тарады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: semeytany.kz Фото: semeytany.kz

Ақтөбенің "Садовый" тұрғын үй алабының маңында жайылатын қойдан жұқпалы күл ауруы табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбенің "Садовый" тұрғын үй алабының маңында жайылатын қойдан жұқпалы күл ауруы табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Жақында "Садовый" тұрғын үй алабында тұрғындардың малын бағатын адамнан қалалық ветеринариялық станцияға екі қойдың ауырып тұрғаны туралы хабар түседі.

"Мамандар ауырып тұрған малды көзімен көріп, сынама алды. Алдын ала "күл" деген диагноз қойылып, сынама облыстық ветеринариялық зертханаға тапсырылды. Кейін зертхананың нәтижесі бойынша "қой күлі" диагнозы расталды. Қазіргі таңда қалалық әкімдікке ұсыныс берілді. Бүгін-ертең шешім шығып қалуы мүмкін. Шешім шыққаннан кейін "Садовый" тұрғын үй алабындағы аумаққа карантин жарияланады", - деді Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бердімұрат Бекжанов.

Карантин мерзімі 20 күнге созылады. Осы уақыт ішінде сауықтыру шаралары жүреді. Аталған ауруға қарсы екпе салынады. Дезенфекция жұмыстарын "Эпизоотияға қарсы отряд" РМК жүргізеді.

Басқарма өкілінің айтуынша, күл жедел жұқпалы вирусты қауіпті ауру. Малдан малға ауа, жем-шөп арқылы тез жұғады. Вирус жұқтырған малдың терісінде бөртпе пайда болып, денесі іседі, қызуы көтеріледі. Егер аурудың алдын алмаса мал қырылып қалуы мүмкін. Аурудың тағы бір қауіптілігі адамға да жұғуы мүмкін. Сондықтан карантин кезінде малдың етін, сүтін пайдалануға болмайды. Жалпы бұндай ауру соңғы он жылда өңірде тіркелмеген.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 13
Астана 6
Актау 12
Актобе 3
Атырау 13
Б
Балхаш 8
Ж
Жезказган 3
К
Караганда 6
Кокшетау 8
Костанай 12
Кызылорда 3
П
Павлодар 7
Петропавловск 4
С
Семей 12
Т
Талдыкорган 13
Тараз 18
Туркестан 10
У
Уральск 6
Усть-Каменогорск 19
Ш
Шымкент 13

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer