ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
08 января 2019 | 18:19

Маман жұмысты қаншалықты жиі ауыстыру қажет екенін айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pixabay.com © pixabay.com

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазақстандықтардың жұмыс ауыстыруына көбіне жалақының аз болуы немесе мансабының жоғарыламауы себеп екен. Расында да жақсы ұсыныс түссе, кез келген адам жұмыс орнын ауыстыратыны сөзсіз. Психологиялық тұрғыдан алып қарасақ та, мамандар жұмысты әр үш жыл сайын ауыстыруға кеңес береді. Олардың айтуынша, қызметкер бір жұмыс орнында отыра берсе, қызметкердің жұмысқа деген қызығушылығы кеміп, ынтасы төмендеп, салдарынан басшылық тарапынан наразылық туады. 

Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі еліміздегі кадрлық холдингтердің бірінің даму жөніндегі директоры Әсел Нұрқасымқызынан қазақстандықтардың көбіне қандай себептермен жұмыстан кететіні, жұмысты қаншалықты жиі ауыстыру керектігі және оның жаңа жұмысқа орналасу кезінде келтіретін пайдасы мен зияны жайлы сұрап білді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазақстандықтардың жұмыс ауыстыруына көбіне жалақының аз болуы немесе мансабының жоғарыламауы себеп екен. Расында да жақсы ұсыныс түссе, кез келген адам жұмыс орнын ауыстыратыны сөзсіз. Психологиялық тұрғыдан алып қарасақ та, мамандар жұмысты әр үш жыл сайын ауыстыруға кеңес береді. Олардың айтуынша, қызметкер бір жұмыс орнында отыра берсе, қызметкердің жұмысқа деген қызығушылығы кеміп, ынтасы төмендеп, салдарынан басшылық тарапынан наразылық туады. 

Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі еліміздегі кадрлық холдингтердің бірінің даму жөніндегі директоры Әсел Нұрқасымқызынан қазақстандықтардың көбіне қандай себептермен жұмыстан кететіні, жұмысты қаншалықты жиі ауыстыру керектігі және оның жаңа жұмысқа орналасу кезінде келтіретін пайдасы мен зияны жайлы сұрап білді.

Әсел Нұрқасымқызы жұмыста дамып, өсуге жағдай жасалмаса, оған қоса, жалақысы аз болса, 3-5 жыл уақыт күтпей-ақ жаңа жұмыс іздеуге кеңес береді.

"Қазіргі таңда HR-мамандар арасында жұмысты 3-5 жылда ауыстырған жөн деген пікір бар. Олардың ойынша, әр жұмысшы кем дегенде 6 ай немесе 1 жыл аралығындағы уақытты жаңа жұмысқа бейімделу мен интеграцияға жұмсайды, содан кейінгі уақытта тәжірибе жинап, компанияға пайда әкеле алады. Бірақ адамдар жұмысты әр түрлі себептермен ауыстырады, кейде ол уақыт бір жылға да жетпей жатады, оған түрлі себептер негіз болуы мүмкін. Негізі егер сіз істеп жатқан жұмыста ары қарай дамып, өсуге жағдай болмаса, өзіңіз қалағаннан аз жалақы алсаңыз, жұмысыңыз сізге қуаныш әкелмесе онда сіз 3-5 жыл күтпей-ақ жаңа жұмыс іздей аласыз, бірақ қадам жасаудың алдында бәрін саралау қажет", - дейді сарапшы.

Осы ретте маман жұмыс орнын жиі ауыстырудың артықшылықтарына тоқталып өтті.

"Жобалармен жұмыс істейтін қызметкерлер жұмысты жиі ауыстыра алады, өйткені олардың жұмысы белгілі бір жобаға ғана байланысты. Басқа салалардағы қызметкерлер үшін жұмысты жиі ауыстырудың пайдасынан бөлек, зияны да бар. Пайдасына келетін болсақ, жұмысшы түрлі ұйымдарда жұмыс істей отыра, түрлі салаларда тәжірибе жинай алады, ал зиянына келетін болсақ, жұмыс берушілер жиі жұмыс ауыстыратын адамдарға сенімсіздікпен қарайды", - дейді Нұрқасымқызы.

Сондай-ақ, кадрлық холдингтің маманы қазақстандықтардың көбіне қандай себептермен жұмысын ауыстыратынын айтты.

"Біздің кадрлық холдингпен жұмыс істеп жатқан ізденушілердің жұмыстан кету себептерінің басым бөлігі - жалақының аз болуын, екінші орында - жұмыс орнында өсуге мүмкіндіктің болмауын, үшінші орында - жеке себептерді, төртінші орында - қысқарып қалуды себеп деп айтады", - дейді Әсел Нұрқасымқызы.


Суреттер pixabay.com сайтынан

Жұмыс берушінің түйіндемемен танысқанда бірінші кезекте үміткердің әр компаниядағы еңбек өтіліне назар аударатыны рас. Жұмысын өте жиі ауыстырғаны көрсетілген түйіндемелердің мүмкіндігі аз деген түсінік те қалыптасқан. 

"Қазіргі таңда HR-мамандар арасында ондай ұғым бар, әрине, бірақ әр жұмыс берушінің ізденушіге қояр талаптары да бар. Ол талаптарға жүз пайызға сәйкес келетін үміткерлер болып жатса, оның жұмыс ауыстыру себебіне мән берілмейді", - дейді Нұрқасымқызы.

Ал психолог Жанат Мырзатаева бір жұмыс орнында ұзақ уақыт отырмауға кеңес береді. Айтуынша, бірнеше жылдар бойы үнемі бір міндеттерді орындап отыру психологиялық тұрғыдан өте ауыр. 

"Бес жылдан аса уақыт бір орында отыра беру психологиялық проблемалар тудырады. Денсаулыққа да зияны тиюі әбден мүмкін. Бұл ретте қызмет жоғарыламаса да, оны ауыстыру қажет. Ол сол салада болмай-ақ қойсын. Уақытша болса да, басқа қызметке кеткен жөн. Мысалы, өзіңізге қызықты, хобби бола алатын жұмысқа барсаңыз тіптен жақсы", - деп кеңес берді Мырзатаева.

Психологтың айтуынша, қызметкер басшылықпен қандай да бір түсініспеушілік болғандықтан немесе оларға деген өкпе-ренішпен жұмыстан кеткен жағдайда, бұл - қызметкердің кәсіпқойлығын көрсете алмағанының белгісі. Осыған байланысты маман қазақстандықтарға басшылық тарапынан айтылған сынды қалыпты қабылдап, өз тарапынан кеткен кемшіліктерді жоюға кеңес береді.

Оқи отырыңыз:

Жұмысты қашан және қалай іздеген тиімді

Қазақстандықтардың түйіндеме толтырғанда жиі жіберетін қателіктері

Жұмысы жоқ жастар қалай тәжірибе жинай алады

Грантқа іліге алмаған түлектер қай салада жұмысқа орналаса алады

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer