Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
23 октября 2018 16:30

Жұмысты қашан және қалай іздеген тиімді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Жұмысқа орналасу кезінде дұрыс толтырылған түйіндемеден басқа, еңбек нарығындағы жағдайды да ескеру маңызды екенін бәрі біле бермейді. Зерттеулерге сүйенсек, құрылыс саласындағы бос орындар туралы хабарламалар көбіне наурыз-сәуір аралығында ғана жарияланса, есепші, аудитор, қаржыгер сияқты мамандықтар маусымға қарамастан сұранысқа ие екен. Бірақ жазда жұмыс табу қиын дегенді жиі еститініміз рас. Оған қоса, бұл уақытта оқу бітіріп, жұмыс іздейтін түлектердің саны артып, бәсекелестік күшейе түседі.


Жұмысқа орналасу кезінде дұрыс толтырылған түйіндемеден басқа, еңбек нарығындағы жағдайды да ескеру маңызды екенін бәрі біле бермейді. Зерттеулерге сүйенсек, құрылыс саласындағы бос орындар туралы хабарламалар көбіне наурыз-сәуір аралығында ғана жарияланса, есепші, аудитор, қаржыгер сияқты мамандықтар маусымға қарамастан сұранысқа ие екен. Бірақ жазда жұмыс табу қиын дегенді жиі еститініміз рас. Оған қоса, бұл уақытта оқу бітіріп, жұмыс іздейтін түлектердің саны артып, бәсекелестік күшейе түседі.

Сонда жаз маусымында жұмыс табу ықтималдығы расында да аз ба? Қай уақытта жұмыс іздеген тиімді? Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі еңбек нарығындағы сарапшыларымен сөйлесіп көрді. 

Рекрутинг агенттігінің кеңесшісі Лаура Нусипованың айтуынша, еңбек нарығында өзіндік маусымдық заңдылықтар бар.

"Жалпы жұмыс табу ықтималдығы түйіндеме қалдырған үміткерлер мен бос орынның санына тікелей байланысты. Бос орындар көп болатын кез ақпан мен тамыз айлары деп айтсам болады. Осы кезде компаниялар бір жылға арналған бюджетін толықтай бекітіп, барлығын жоспарлап, жарты жылдың қорытындысын шығарады. Мұндағы басты артықшылық осы кезенде жұмыс берушілер қандай қызметкерді қандай жалақыға ала алатынын нақты біледі", - дейді Нусипова.

Ал күз және көктем айларында, сарапшының айтуынша, еңбек нарығындағы жағдай әбден қыза түседі. Бос орындар көбейіп, ал жұмыс іздеушілердің саны тіптен бірнеше есеге көбейіп кетеді екен. Сол себепті маман бәсекелестік төмен кезде, яғни ақпан немесе тамыз айында жұмыс іздеуге кеңес береді.


© pixabay.com

Ал еліміздегі кадрлық холдингтердің бірінің даму жөніндегі директоры Әсел Нұрқасымқызының сөзіне сүйенсек, қазақстандықтар әдетте жұмысты жаңа жылдан кейін және күз уақытында көбірек іздейді. Айтуынша, оған өзіндік себептері бар.

"Жаңа жылда адамдар жаңа өмір, жаңа бағыт қалағандықтан жұмыс іздей бастаса, ал күз уақытында көбіне адамдар жаз демалысынан кейін өзгерістер қалағандықтан жұмыс іздей бастайтыны рас", - дейді сарапшы.

Бірақ Нұрқасымқызының айтуынша, еңбек нарығында еңбек маусымы деген ұғым жоқ.

"(...) Ондай ұғым жоқ. Түрлі компаниялар әр кезде де өзіне қызметкерлерді іздейді. Дегенмен жаз кезінде жаңа бос жұмыс орнын жариялау және түйіндеме санының азаю ықтималдығы бар. Неге десеңіз, жаз уақытында HR-мамандар да, жұмыс іздеушілер де еңбек демалысына шығады", - дейді сарапшы.

Осы ретте ол жұмыс іздеудің тиімді әдістеріне тоқталды.

"Қазіргі таңда жаңа технологияларға байланысты көптеген жұмыс іздеу әдісі пайда болып, олар кең ауқымда қолданылып жатыр. Айта кетсек, жұмыс беру порталдарын қолдану, кадрлық агенттіктерге түйіндеме жіберіп, ең бастысы олармен қарым-қатынаста болу керек. Әлеуметтік желілерде жұмыс беру жөнінде хабарландыруларды бақылап, компаниялардың сайтына кіріп, "мансап" бөлімінде көрсетілген бос жұмыс орнын қарап, оларға түйіндеме жіберу қажет", - деп кеңес берді маман.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандықтардың түйіндеме толтырғанда жиі жіберетін қателіктері

Жұмысы жоқ жастар қалай тәжірибе жинай алады

Грантқа іліге алмаған түлектер қай салада жұмысқа орналаса алады

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети