Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
14 сентября 2021 09:29

Мамин вакцинация бойынша екі әкімге тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Премьер-министр Асқар Мамин елдегі эпиджағдай туралы айтып, вакцинация бойынша екі облыстың әкіміне тапсырма берді. Бұл туралы ол Үкімет отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  


Премьер-министр Асқар Мамин елдегі эпиджағдай туралы айтып, вакцинация бойынша екі облыстың әкіміне тапсырма берді. Бұл туралы ол Үкімет отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"Эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Ауруханалардың жүктемесі азайды. Инфекциялық ауруханалар және жақсақтау бөлімдері 35 пайызға жүктелген. Инфекциялық стационар ретінде жұмыс істеген 57 мекеме коронавируссыз пациенттер қабылдау стандарты режиміне шықты. Қазіргі уақытта 7,1 миллион адам вакцинаның бірінші компонентін, 6 миллионға жуық адам екінші компотентін алды. Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының әкімдері вакцинамен қамту жұмыстарын күшейтсін", - деді Мамин. 

Сонымен қатар, премьер-министр қазіргі уақыттағы басты міндетті атады. 

"Өңірлердің "қызыл" аймақтан шығуы ұлғайды, қазіргі уақытта "сары" аймақта бес өңір, атап айтқанда, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстары тұр. Сонымен қатар, Түркістан облысы жасыл аймақта. Қазіргі басты міндетіміз - "қызыл" аймақтағы өңірлерде коронавирус жұқтыру деңгейі орнықты төмендеуіне қол жеткізу. Бұл үшін эпидемиологиялық жағдайды ұдайы бақылауда ұстау қажет, әсіресе Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарында", - деді ол.

Мамин жаңа оқу жылы басталуына байланысты білім беру ұйымдарында санитария нормалары сақталуын ерекше бақылауда ұстау керегін айтты. Мұның бәрін бақылауда ұстауды Ералы Тоғжановқа тапсырды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети