1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

"Мәскеуден көріп келіңіз". Сенатор тағам құрамын талдайтын зертханаларды сынға алды 28 января 2021, 11:34

Елімізде тауардың сапасын ғылыми растайтын зертханалардың жұмысы сын көтермейді. Кәсіби маман, технология жоқ. Сенатор Ақылбек Күрішбаев өсімдіктер
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: Pixabay.com Фото: Pixabay.com

Елімізде тауардың сапасын ғылыми растайтын зертханалардың жұмысы сын көтермейді. Кәсіби маман, технология жоқ. Сенатор Ақылбек Күрішбаев өсімдіктер карантині зертханаларының жұмысын сынап, сала мамандарына бұл бағытта "қаншалықты артта қалғанымызды көру үшін" Мәскеуге барып келуге кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Мәжіліс мақұлдаған "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" ҚР заңының жобасы жөнінде сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасады. Министр депутаттардан заң жобасын қолдауды сұрады.

Заң жобасы аясында сенаторлар пікірі мен ұсыныстарын айтты.

Депутат Ақылбек Күрішбаев өсімдіктер карантині бойынша отандық зертханалардың жұмысы сын көтермейтінін айтты. Егер саладағы олқылықтар жойылса, Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында сауда жасауға кедергі болмайтынын атап өтті.

"Жақында қауіпті вирус табылды деген себеппен қазақстандық томат пен бұрыш өнімдерін Ресейге кіргізуге тыйым салынды. Бұл жағдайда біз Сауда министрлігінің әрекетін толығымен қолдаймыз (заң жобасын - еск.). Бірақ мұндай сауда соғыстарында басқа дәлел - тауардың сапасын ғылыми растау. Ал біздің ғылыми зертханалық базамыз ешқандай сын көтермейді. Он жыл бойы біз өсімдіктер карантині зетрханасын жөнді ұйымдастыра алмай келеміз. Не заманауи база, не зерттеудің қазіргі әдістерін меңгерген кәсіби мамандар жоқ. Тіпті сол вирусты талдау үшін Ресейден, яғни бізге сауда кедергілерін тудырып отырған елден сұрап алдық. Біз өз бизнесімізді қолдау үшін және Одақтың толыққанды мүшесі болғымыз келсе, осылардың бәрі өзімізде болу керек", - деді Күрішбаев.

Депутат осы жұмысқа жауапты лауазымды тұлғаларға кеңес берді.

"Мәскеуге барып, "Бүкілресейлік өсімдіктер карантині" ғылыми-зерттеу институтының қалай жұмыс істейтінін көрсеңіздер, сонда біздің қаншалықты артта қалғанымызды түсінесіздер. ГМО өнімдерін зерттеу жүйесі жағдайына қатысты да осы жағдайды айтуға болады. Сондықтан елімізге гендік модификацияланған тамақ өнімдерінің және тұқым материалының кіру қаупі өте жоғары. Көрсетілген мәселелердің экономика және азаматтарымыздың денсаулығын қорғау үшін ерекше маңызын ескере келе, сараптамалық қызмет көрсететін барлық зертханаға жан-жақты тексеру жүргізіп, оларды қазіргі заманғы деңгейде кадрлық, техникалық және әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз етіп, мемлекетіміздің сараптама жүргізетін мекемелерін жаңғырту жөнінде тиісті шаралар қабылдау қажет деп санаймын. Құрметті Бақыт Тұрлыханұлы, уәкілетті органның басшысы ретінде осы мәселені өзіңіз бақылауға алсаңыз", - деді сенатор.

Айта кетейік, "Россельхознадзор" қазақстандық қызанақтардан вирус табылды деп өнімді сатып алудан бас тартқан. Ал еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәлімдемемен келіспеді. 

"Қазақстаннан Ресейге экспортталған қызанақтарда қауіпті вирус анықталған жоқ. Мамандар "қызанақтан вирус анықталды" деген өзіміздің компанияны тексерген. Сынамалар алынған. Тіпті "Бүкілресейлік өсімдіктер карантині" деп аталатын орталықтың тесттері қолданылған. Зертханалық талдау жұмыстары ресейлік ұйымның мамандарымен бірге жасалды. Сараптама қорытындысы бойынша Ресейдің компаниямыздың қызанағынан анықтаған вирусы жалған болып шықты", - деген еді АШМ баспасөз қызметіндегілер.

Кейін біздің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті "Россельхознадзордың" іс-әрекеті Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың талаптарын өрескел бұзды және қолдан жасалған кедергі" деп шағымданатынын хабарлаған еді.