Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 марта 2020 15:26

Мектепте каникул, Наурызға тыйым. Қазақстан коронавирустан қалай сақтанады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тұрар Қазанғапов Фото ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты сақтық шаралары күшейтілді. Оқушылар каникулға ертерек шығады, студенттер онлайн оқиды, Наурыз мерекесі тойланбайды. Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның коронавирустан сақтануға қатысты шараларына шолу жасады.


Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты сақтық шаралары күшейтілді. Оқушылар каникулға ертерек шығады, студенттер онлайн оқиды, Наурыз мерекесі тойланбайды. Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның коронавирустан сақтануға қатысты шараларына шолу жасады.

Бүгін Нұр-Сұлтанда коронавирус жағдайына байланысты арнайы брифинг өткен. Оған бірқатар шенеунік қатысты. Брифинг барысында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда коронавирус тіркелмегенін мәлімдеді. Сондықтан халықтан дүрбелең туғызбауды сұрады. Брифинг барысында коронавирустан сақтанудың шаралары айтылды.

Оқушылар каникулға ерте шығып, студенттер онлайн оқиды

Оқушылар биыл көктемгі каникулға ертерек шығады. Қазақстанның орта білім беру мекемелерінде коронавирустың тарауына байланысты 16 наурыз - 5 сәуір каникул болады.

"ДҰҰ пандемия деп жариялады. ҚР президенті нақты тапсырма берді. Алдымен 13 наурыздан бастап іс-шаралара өткізілмейді. Сауда, вокзалдар, санитарлық күшейеді. Орта білім беру мекемелерінде 16 наурыз - 5 сәуір арасында каникул болады", - деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ, 16 наурыздан бастап Қазақстандағы жоғары оқу орындары онлайн оқуға көшеді.

"Колледждер мен ЖОО-лар онлайн оқуға көшеді. Көптеген оқу орнының қашықтықта оқу бойынша тәірибесі бар. Сондықтан ол жағынан мәселе туындамайды. Classroom, Google секілді платформалар бар", - дейді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Балабақша жұмысы тоқтамайды

Ал балабақшалар әдеттегідей режимде жұмыс істей береді. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, балабақшалар жұмысын жалғастырады.

"Балабақшалар туралы айтатын болсақ. Бүгін сіздер елімізде коронавирус тіркелмегенін естідіңіздер. Сондықтан балабақшалар жұмысын жалғастырады. Коронавирус жағдайы тіркелетін болса, қажетті шаралар қабылданады", - деді Аймағамбетов.

"118 елге тарап, 120 мың адам жұқтырған". Коронавирус туралы дәл қазір не белгілі?

Наурызды жаппай тойлауға тыйым салынды

Сонымен қатар, биыл тұрғындар Наурыз мерекесін жаппай атап өте алмайды. Коронавирусқа байланысты Наурыз мейрамына орай өткізілетін іс-шаралардың тыйым салынды.

"Наурыз - ең маңызды біздің ежелден келе жатқан халқымыздың салты мен дәстүріне енген үлкен мейрам. Бірақ адам өмірінің қауіпсіздігі ең маңызды мәселе. Сондықтан адамдарға бастарыңды қоспа деп айту қиын. Бірақ бұрыннан да қазақ бір-біріне көршілеріне, ауылдарына барып амандасып жүрген ғой. Сондықтан сен осы наурызға байланысты үлкен тойлардың бәрін, қазір адам жиналатын жердің бәрін тыйым салынады.


© Тұрар Қазанғапов

Бірақ азаматтардың бір-біріне барып, көрісуіне, құттықтауына мұндайды ешкім қадағалай алмайды. Оған ешқандай шектеу қойылмайды. Сондықтан әрбір азамат өзін ғана ойламау керек. Әрбір азамат отбасын айналасындағы ағайындарын ойлау керек", - деді Тоғжанов.

Адам көп жиналатын іс-шараның бәріне тыйым

Елімізде тек Наурыз мерекесі ғана емес, адам көп жиналатын іс-шараның бәріне тыйым салынды. Бұл да коронавирустың алдын алу шарасы.

"Инфекцияны алып келмеу мақсатында 13 наурыздан бастап іс-шаралар өткізуге тыйым салынады - мерекелік, спорттық, мәдени, конференциялар, семинарлар, көрмелерді және тағы басқа шараларды өткізуге тыйым салынады. Денсаулық сқатау, білім беру орындарында - ХҚКО-ларда, сауда орындарында, базарларда, вокзалдарда, әуежайларда және қонақүйлерде санитарлық шаралар күшейтіледі", - деді Тоғжанов.

Тойларға тыйым салынбады

Ал той немесе туған күн кештерін өткізуге тыйым жоқ. Бірақ оның уақытын шегеру немесе қонақтар санын азайту ұсынылды.

"Барша қазақстандыққа айтарым бар. Той, туған күн, мерекелер - өте маңызды оқиға, бірақ денсаулық маңыздырақ. Мұндай іс-шаралар өткізгелі жатқан адамдар дұрыстап ойлансын. Бізде әсіресе қонақты көп шақырып, той өткізгенді ұнатады.

Қонақтардың санын максимал түрде азайту керек деп ойлаймын. Бірақ біз мұндай іс-шараларды кейінгі уақытқа ауыстыруды ұсынамыз", - деді Тоғжанов.  

Кинотеатр жұмысы тоқтап, спорт матчтері көрерменсіз өтеді

Қазақстан спортында да коронавирустан сақтау шарасы қолданылады. Алдағы уақытта спорттық матчтердің бәрі көрерменсіз өтеді.

"Ойындар жоспар бойынша өтеді, бірақ көрерменнің баруына тыйым салынады. Бұл халықаралық тәжірибе. Барлық еуропалық елде ірі командалар ойнап жатыр, бірақ көрермендер жоқ. Бізде де осындай шешім қабылданды", - деді Ералы Тоғжанов.


© Тұрар Қазанғапов

Алдағы уақытта кинотеатрлар да жұмыс істемейді. Коронавирусқа байланысты Қазақстандағы сауда орталықтарында орналасқан кинотеатрлар жабылады.

"Сауда орталықтарында орналасқан кинотеатрлар жабылады. Ал ойын-сауық орталықтарының өзі жабылмайды", - деді Тоғжанов.

Елімізде қандай шаралар жүргізіліп жатыр?

Брифинг барысында Үкімет басшысының орынбасары коронавирустың алдын алу мақсатында елімізде қандай шаралар жүргізіліп жатқанын айтты.

"Денсаулық сақтау, білім беру объектілерінде және қоғамдық көпшілік орындарында, халықтық қамтасыз ету орталықтары, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, сауда, базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында, вокзалдар, әуежайлар, үйлер күшейтілген санитарлық дезинфекциялық режимді орнату. Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық әлеуметтік объектілерге, әлеуметтік оңалту орталықтарына, мүгедек балаларға арналған оқу орындарына баруға тыйым салу және оларды күшейтілген санитарлық дезинфекциялық режимді енгізу", - деді Тоғжанов.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.77   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети