"Мен туралы кино бүкіл шетелде көрсетілгенімен, Қазақстанда әлі көрсетілмеді". Бүркітші қыз Айшолпан өкінішін айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
жеке архивтен жеке архивтен

Айшолпан Нұрғайыпқызы көпшілік батылы бара бермейтін жолды таңдаған. Соның арқасында бүкіл әлем жұрты оны тұңғыш бүркітші қыз ретінде жақсы біледі. Жуырда Айшолпанның отбасы туған жерге, дәлірек айтсақ, Моңғолиядан Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылына көшіп келді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Айшолпан Нұрғайыпқызы көпшілік батылы бара бермейтін жолды таңдаған. Соның арқасында бүкіл әлем жұрты оны тұңғыш бүркітші қыз ретінде жақсы біледі. Жуырда Айшолпанның отбасы туған жерге, дәлірек айтсақ, Моңғолиядан Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылына көшіп келді.

Massaget.kz тілшісі Айшолпан Нұрғайыпқызымен сұхбаттасып, қазір немен айналысып жүргенін, ата-анасы қалай көшіп келгенін сұрады.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

"Жеті атамыздан жалғасып келе жатыр"

Айшолпан Моңғолия мемлекетінде дүние келсе де, қазақтың төл дәстүрін, ұлттық өнері мен ойындарын сақтап қалған текті әулетте тәрбиеленген.

"Әкемнің есімі - Рыс Нұрғайып, анам - Алмагүл Көксеген. Отбасымызда төрт ағайындымыз: ағам - Самарқан, сіңілім - Сәйгүлік, інім - Дінислам", - дейді ол.

Жеке архивтен

Бүркітші қыздың сөзінше, құсбегілікке келуі тегін емес: қаннан дарыған өнер, текпен жалғасқан қасиет.

"Менің алдымда Самарқан деген ағам бар. Ол да құсбегілікпен айналысады. Өзінің бүркіті бар болатын. Алайда ағам мектепті бітірген соң оқуға кетті де, оның бүркітін қарау, баптау менің мойныма жүктелді. Ол кезде мен бар-жоғы сегіз жаста едім. Таңнан кешке дейін қызықтайтыным сол бүркіт болатын. Алғаш рет қыран бүркітті сол кезде қолыма ұстап көрдім. Бүркіттің салмағы - он келі. Өзіңіз ойлаңызшы, мұндай салмақтағы бүркітті ұстау үшін де үлкен күш керек" дейді ол.

"Екі мыңжылдық тарихы бар бүркіт салып, саятшылық құру - біздің жеті атамыздан бері жалғасып келе жатқан өнер. Мәселен, менің әкем де, ағам да, атам да айналысқан. Атамнан тарап, бүкіл ұрпаққа жалғасып отыр. Мен бала кезімнен әкемнің, әкемнің бауырларының бүркіт баптап, саятшылыққа шығатынын көріп өстім. Сондықтан бұл өнерге жақын болдым", - дейді Айшолпан.

Жеке архивтен

"Қиядан құласам, тірі қалмайтыным белгілі еді"

Айшолпанға бүркітшілік әлем көруге, қазақтың төл өнерін танытуға мүмкіндік берді. Оның сөзінше, бүркітшіліктің арқасында 31 ел аралаған.

"Мен туралы режиссер Отто Белл "The Eagle Huntress" атты фильм түсірді. Фильм әлемнің 30 мемлекетінде, оның ішінде Лондон, Нью-Йорк, Дубай, Токио, Сидней, Франция секілді елдер мен қалаларда көрсетілді. Көпшілік көңілінен шыққан "The Eagle Huntress" фильмі 2015 жылы "Оскар" сыйлығына да ұсынылған болатын. Ал 2018 жылы Нью-Йорк қаласында "Asia Game Changer" сыйлығын иеленді", - дейді ол.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 21
Астана 6
Актау 12
Актобе 4
Атырау 8
Б
Балхаш 8
Ж
Жезказган 6
К
Караганда 2
Кокшетау 3
Костанай 12
Кызылорда 8
П
Павлодар 2
Петропавловск 12
С
Семей 22
Т
Талдыкорган 18
Тараз 18
Туркестан 7
У
Уральск 15
Усть-Каменогорск 20
Ш
Шымкент 15

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer