Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 апреля 2020 18:01

Министр egov порталына жасалған хакерлік шабуыл туралы айтып берді

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев электронды үкімет порталына хакерлік шабуыл қалай жасалғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев электронды үкімет порталына хакерлік шабуыл қалай жасалғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз 42500 теңге жәрдемақыны беру қызметін көрсету кезінде порталда қолданушылардың саны артқанын байқадық. Порталға көп адам кіре бастады. Тіпті, өтінім берушілердің саны өте көп болды. Бір күнде таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін электронды үкімет порталында 102 миллион сессия жасалғанын көрдік. Ал елімізде 18 миллион адам тұратынын білеміз", - дейді ол Tengrinews.kz тілшісіне Instagram желісі арқылы онлайн эфирде берген сұхбатында 

Осы орайда министр мәселенің қалай шешілгенін айтты.

"Құзырлы органдармен бұл мәселені қалай шешу жағын қарастырдық. Сайттағы ішкі каналдарды өшірдік. Кейін бұл мәселе шешілді. Халыққа қызмет көрсетуді жалғастырдық", - деді Асқар Жұмағалиев. 

Айта кетейік, осыған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны қанша адам алғанын, төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға көмек көрсетуге арналған сайттың қалай жасалғанын айтқан.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети