ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
24 февраля 2020 | 11:35

Министр еліміздің қанша мектебінде дене шынықтыру пәні өтпейтінін айтты

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. © Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет. © Тұрар Қазанғапов

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова еліміздегі қанша мектепте спорт залы жоғын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова еліміздегі қанша мектепте спорт залы жоғын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство басшысының айтуынша, ауыл тұрғындарының тек 30 пайызы спортпен шұғылданады екен.

"1970 мектепте спорт залы жоқ. Ауылдағы спорт сауықтыру кешендерінің желісі ауыл тұрғындарының 30 пайызын ғана қанағаттандырады. Бұл жағдай спорт секцияларының жұмысы мен жастардың спорт клубтарын құруды бұлай тұрсын, дене шынықтыру пәні бойынша міндетті сабақтарды толық өткізуге мүмкіндік бермейді", - деді министр мәжілісте өтіп жатқан үкімет сағатында.

Сондай-ақ, ол мектептердің 37 пайызы қажет спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмегенін атап өтті.

Осы орайда Ақтоты Райымқұлова Қазақстанда қанша оқушы спортпен шұғылданынын жеткізді.

"Өңірлер ұсынған статистикалық мәліметтерге сәйкес, мектеп оқушыларының ішінде 1 миллион 365 мың бала спортпен шұғылданады. Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша 2019 жылы 5428 мектеп спорт залымен қамтамасыз етілген. Бұл ретте Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында және Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында мектептерді спорт залдармен қамтамасыз етудің ең жоғары деңгейі байқалады", - деді ведомство басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 491.74   530.25   5.02 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети