Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 мая 2021 10:42

Министр Қазақстанның барлық ауылында қашан Интернет болатынын айтты

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр Қазақстанның барлық ауылында қашан Интернет болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда мүлде Интернетсіз отырған ауылдардың саны мыңнан асады.

"1200 ауылды мекенде мүлде Интернет жоқ. Оларды толықтай Интернетпен қамту 2022 жылдың соңына дейін жүзеге асады деп отырмыз. Сонымен қатар, 510 ауылда Интернет сапасы өте нашар. 2022 жылдың соңына дейін сапасы өте жоғары Интернетпен 500 ауылды қамтамасыз ету көзделіп отыр. Бірақ ауыл халқының саны елуден аз ауылдарға Интернет беру мәселесі әлі талқыланып жатыр", - деді министр.

Мусиннің бұл мәлімдемесіне күмәнмен қараған Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин оған дейінгі министрлердің де уәде беріп, орындамай кеткенін айтты. Нығматулиннің есептеуі бойынша, Қазақстан ауылдарын толықтай Интернетпен қамту туралы уәде беріліп келе жатқанына 10 жылдай болған.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети