1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

"Мұндайды қаламаймын" - Президент әкесі жайлы фильмнің түсірілуі туралы 17 февраля 2022, 21:19

Президент "Әке туралы ой-толғау" кітабының желісі бойынша продюсерлік орталықтың фильм түсіруіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Нашли ошибку?

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Президент "Әке туралы ой-толғау" кітабының желісі бойынша продюсерлік орталықтың фильм түсіруіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.   

"Менің кітабымдағы оқиғалардың негізінде кино түсіргелі жатқанын оқыдым. Бұл туралы ешкімге ешқандай тапсырма берген жоқпын. Бермеймін де. Мұндайды қаламаймын. Бірақ, өзім жазған "Әке туралы ой-толғау" кітабынан бас тартпаймын, мазмұнды туынды деп есептеймін. Себебі, жастарға да пайдалы дүние. Бұл - менің әке-шеше алдындағы перзенттік борышым", - деді Президент Qazaqstan арнасына берген сұхбатында. 

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Президенттің әкесі Кемел Тоқаев туралы фильмнің сценариінің суреті тараған болатын. Суретте Nar Media Group жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көрсетілген. 

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram