Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
21 марта 2021 09:53

Наурызды тойлауға 62 жыл бойы неге тыйым салынған?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mix.tn.kz / ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары мұрағаты © mix.tn.kz / ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары мұрағаты

Наурыз - ерте заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Осыдан 11 жыл бұрын 10 мамырдан бастап БҰҰ Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді. Біздің елімізде Наурыз үш күн: 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі. Алайда КСРО-да бұл мерекені тойлауға 62 жыл бойы тыйым салынғанын бірі білсе, бірі біле бермейді. Этнолог, мәдениеттанушы, наурызтанушы Серік Ерғали Tengrinews.kz тілшісіне Кеңес одағы кезінде Наурызды тойлауға неге тыйым салынғанын түсіндіріп берді. 


Наурыз - ерте заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Осыдан 11 жыл бұрын 10 мамырдан бастап БҰҰ Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді. Біздің елімізде Наурыз үш күн: 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі. Алайда КСРО-да бұл мерекені тойлауға 62 жыл бойы тыйым салынғанын бірі білсе, бірі біле бермейді. Этнолог, мәдениеттанушы, наурызтанушы Серік Ерғали Tengrinews.kz тілшісіне Кеңес одағы кезінде Наурызды тойлауға неге тыйым салынғанын түсіндіріп берді. 

Наурызды тойлауға неге тыйым салынған?

Серік Ерғалидің сөзінше, 1926 жылдар Кеңес үкіметі құрылып, нығая бастаған кез болған. Ол кезде басқа идеологияның барлығы Кеңес үкіметінің өз идеологиясына қарсы, қауіпті, қатерлі болды.

"Наурыз мерекесі бүкіл түркілерді бірікітіреді. Бұл халықтардың нанымы, танымы, құндылығы бірігіп кетсе, онда Кеңес үкіметі ыдырап кетеді деген ой болды. Сондықтан соған сәйкес идеологияның бәрін жойды, тыйым салды, халықты ұмыттырды. Мәселе осында. Яғни өз идеологиясын орнықтыру үшін басқа идеологияның, басқа танымның бәрін ысырып, халық жадынан өшіру керек болды. 

© mix.tn.kz / ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары мұрағаты

1926-1988 жылдар аралығында Кеңес одағының идеологиясына қарсы, яғни дінге тыйым салынды, әсіресе Орта Азия, түркі халықтарына ерекше тыйым салынды. Оның барлық тарихы өшірілді, түркілерден алып, парсыларға жазды. Енді соның бәрі қазір ашылып жатыр, қазір қайтадан қалпына келтіріп жатырмыз", - дейді маман. 

1926 жылы Наурызға тыйым салынғанымен бейресми түрде ешқашан тоқтатпаған. Наурыздан бастап халық наурыз көжесін асып, бірімен бірі араласып, көрісіп, құттықтап, мерекелеп келді. Әсіресе батыс, оңтүстік өңірде болған екен.   

62 жыл бойы Наурыз қалай тойланған?

Этнологтың сөзінше, 62 жыл бойы Наурыз негізінен ауылдарда тойланды, қалада мерекеленген жоқ.

"Себебі қаланың тәртібі қатаң. Тікелей қызыл идеологияға, кеңестік идеологияға бағынды. Ал ауылда қарапайым адамдар бір-бірін наурыз көжеге шақырып, көрісіп, мәре-сәре болып бір ауылдан екінші ауылға араласып, "жыл құтты болсын, амал келді, жыл келді" деп құттықтайтын. Амал деген наурыз айының бұрынғы аты. Әрине, ол кезде нақты сипаты болған жоқ. Себебі барлық жерде парторгтар болды, идеологтар болды, олар бәрін бақылап жүрді. Ашық, ресми түрде ешкім мерекелей алмады. Бірақ үйді тазартып, аластап, құрақ көрпе, сырнақ текеметтерді далаға жайып, айналаны безендіріп, бұлақтың көзін ашып, тал егілген. 

© mix.tn.kz / ҚР орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары мұрағаты

Ақселеу Сейдімбек өз кітабында бала кезінде таңды, наурызды қарсы алғанын жазады. Түнімен ұйықтамай, таң ата келе, асау тайыншаның үстіне неше түрлі қоңырау, даңғырлақтарды іліп, соны тулатып, ауыл аймақты оятқан. Солай қарсы алған. Бұл бас таңды қарсы алу. Барлық жерде деп айта алмаймыз", - дейді наурызтанушы.

Бірақ ресми болмағаннан кейін әркім өз әлінше мерекелеп жатты. Дастархан жайып, үлкендердің батасын алып, "Наурыз бата" берілген. 

"Біздің бала кезімізде түнге қарай Қыдыр атаны күтетін ырым болатын. Оған құмшекер, талқан қойылып, Қыдыр ата келіп, жазу жазып, батасын беріп, келгенін білдіріп кетеді деген ырымдар болатын", - дейді маман.

Наурыздың дінмен байланысы жоққа тән 

Сонымен қатар, Серік Ерғали Наурыз мерекесі мен діннің байланысын түсіндірді. Оның айтуынша, мерекенің дінмен байланысы жоқ деп айтуға болады. 

"Бірақ дін де басқа идеологияға қауіптеніп қарайды. Дін де идеология. Сондықтан басқа халықтың құндылығы, әдеті, салтынан осындай нәрсені дін де тазартып отырады. Наурыз мерекесі кемінде бес мың жыл бұрын басталған. Ол кезде дін жоқ. Ал дәстүрлі дінді алып қарастырсақ, ол шамамен екі мың жыл бұрын пайда болған. Оған дейін әрине, әртүрлі наным-сенім болды. Ал Наурыз біріншіден астрономиялық күнтізбеден басталады. Соған байланысты мифология, аңыздар құрылып, оны тірілтіп, халық жадында сақтап, соны тәрбиеге сіңіріп, құндылықтарға айналдырған", - дейді маман.

Наурызды қайтадан ресми түрде тойлауға мұрындық болған кім? 

Наурызды қайтадан ресми түрде тойлау Желтоқсан оқиғасынан кейін қолға алына бастаған.  

"1986 жылғы оқиғалардан кейін Қазақстанның ішкі ахуалы нашарлап кетті. Сол кезде Колбин елді дұрыстап басқарғысы келді. Сөйтіп жағдайды жақсартуға байланысты зиялы қауыммен ақылдасты. Олар "қазақ халқының құндылығын жоғары көтеру керегін" айтып, Өзбекәлі Жәнібеков белгілі ақын-жазушыларды Колбинмен кездестірді. Соның ішінде Мұхтар Шаханов та болды.


© mix.tn.kz / ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары мұрағаты

Сөйтіп Колбинге Наурыз мерекесі - бұл күн мен түннің теңесуі, оның дінге, идеологияға қатысы жоғын, ежелден келе жатқан, адамзатқа тән екенін түсіндірген. Осылайша Колбиннің шешімін алып, 1988 жылы алғаш рет мереке Алматыда басталды", - деп түсіндірді этнолог. 

Ал Қазақстан - посткеңес елдері арасында Наурызды ресми түрде тойлай бастаған алғашқы ел. Содан кейін 1989 жылдан бастап Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және басқа да халықтар тойлай бастаған.   

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети