ПОДПИШИСЬ НА НАШ TELEGRAM-КАНАЛ
23 февраля 2022 | 13:43

Неге утильалымнан бас тартуға болмайды? Үкімет басшысының орынбасары жауап берді

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр неге Қазақстанда утильалымнан бас тартуға болмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр неге Қазақстанда утильалымнан бас тартуға болмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл кімге тиімді? Ойланып көрейік. Біз былтыр елде 92 мың автомобиль өндірсек, оларды сатып алған адамдар утильалым төлемесе? Қымбат автомобильдер де бар, мысалы жол талғамайтын көліктер. Неге олар үшін салықтар мен утильалым төлемейді? Неге біз шетелдік көлік өндірушілерін асыруымыз керек? Неге жастарымызға үлкен өндіріс орындарынан жұмыс орнын бермеске?" - деді Роман Скляр "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында.

Ол мақсат жаңа, тиімді, жақсы төленетін жұмыс орнын құру екенін, сол үшін көлік жасауға басымдық берілетінін айтты. Скляр зауыттардағы жұмыс процесі өте күрделі, бір көлік мың операциядан өтетінін, сол үшін онда жоғары маманданған адамдар жұмыс істейтінін қосты. 

"Көлік өндірісінің болашағы қандай? Мысал келтірейін, КамАЗ жыл сайын Көкшетаудағы зауытта 500-ден 1000-ға дейін жүк көлігін өндіреді. Біз бірнеше жыл бұрын КамАЗ басшылығымен белсенді түрде келіссөздер жүргізе бастадық. "Біз олардан қай бөлшегін лаколизация жасайық?" деп сұрадық. Олар екі инвестициялық жоба ұсынды. Қазір бағасы 380 миллион АҚШ доллары тұратын екі зауыт Қостанайда салынып жатыр. 2023 жылдың соңында өндіріс басталады. Цилиндр блоктары, құйылған көпірлер жасалады. КамАЗ құнының 11 пайызы Қазақстанда жасалатын болады. Тарифтік барьер болмағанда бұл жоба болмас еді", - деді ол. 

Скляр шетелдік өндіруші Қазақстанда көлік жинайтын кәсіпорын ашса, олар утильалымнан босталатынын айтты.

"Сөйтіп шетелдік бәсекелестерінен озады, оған қоса қазақстандықтарға жұмыс береді", - деді ол.   

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 486.86   530.42   5.05 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети