Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 июня 2020 17:51

Нұр-Сұлтанда үш балабақшадан коронавирус анықталды - Қисықова

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Тұрар Қазанғапов Фото © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласында балабақшалардың қызметкерлерінен коронавирус анықталғандықтан, 23 маусымнан бастап жабылды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласында балабақшалардың қызметкерлерінен коронавирус анықталғандықтан, 23 маусымнан бастап жабылды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді кезекші топқа келіп жүрген 3 мыңға жуық бала үйде отырады.

"Бұған дейін балабақшалар кезекші топтарда 15 балаға дейін қабылдап, жұмыс істеді. Бірақ үш балабақшаның қызметкерлерінен коронавирус инфекциясы анықталғандықтан, қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, олардың жұмысы тоқтатылды. 55 мың баланың ішінен 3 мыңға жуық бала кезекші топтарға келетін. Бүгінде жабу туралы шешім шығарылды. Ата-аналар қашықтан жұмыс істейді. Сондықтан жұмыс берушілер ата-аналарды қолдауыңызды сұраймыз", - деді Сәуле Қисықова ОКҚ онлайн-брифингте.

Еске салайық, 23 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан қаласында барлық балабақшалар жабылады

Эпидемиологиялық жағдайды және тәрбиешілердің COVID-19 жұқтыру фактілерін ескере отырып, балабақшалардың қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.

Егер балалардың қасында қалдыратын ешкім болмаса, ата-аналардың бірі қашықтан жұмыс режиміне ауысуы керек.

Карантин кезеңінде барлығы балабақшаларға (мемлекеттік және жекеменшік) балалардың жалпы санының 20 пайызы ғана барды. Қабылданған шаралар тек балалардың денсаулығын сақтауға және инфекцияның таралу қаупін азайтуға бағытталған.

Балабақшалардың жұмысын жаңарту қаладағы эпиджағдайға байланысты болады. Қатаң санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажет: маскалар тағу, қолды антисептикпен өңдеу, әлеуметтік жүйені сақтау.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети