Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 июля 2020 12:03

"Оқу ақысын көтермеуді сұраймын". Білім министрі ЖОО басшыларына үндеу жасады

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Тengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ЖОО басшыларына биыл оқу ақысын көтермеуді және қарызы бар студенттерге бөліп төлеу мүмкіндігін беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ЖОО басшыларына биыл оқу ақысын көтермеуді және қарызы бар студенттерге бөліп төлеу мүмкіндігін беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осы пандемияның салдарынан, қазір біз көріп отырмыз, студенттердің оқуына уақытлы төлеу мүмкіндіктері азайып отыр. Жалпы экономикалық ахуалды өздеріңіз көріп отырсыздар. Сондықтан ЖОО тараптарынан да қолдау жұмыстарын жүргізу қажет деп санаймын және екі мәселеге тоқталғым келеді.

Біріншіден, қарыздары бар студенттерге бөліп төлеу мүмкіндіктерін беру. Біз қазір жүргізілген талдаудың нәтижесін көріп отырмыз. Бірақ осындай мәселелер бар. (...) Сондықтан бөліп төлеуге мүмкіндік қарастыруларыңызды сұраймын.

Екіншіден, біз алған ақпаратқа сәйкес, біраз жоғары оқу орны қазір оқудың бағасын көтеруді жоспарлап отыр екен. Сондықтан бұл мәселе бойынша да сіздерге деген бір өтініш бар. Ол өтініш - осы ахуалды біле отырып, жоғары оқу орындарында бағаны өсірмеу. Бұл - өте маңызды. Сондықтан бұл мәселені қарастырып, тиісті шешім қабылдайды ғой деп сенемін", - деді Асхат Аймағамбетов министрлік аппаратының онлайн жиналысында.

Министрдің айтуынша, ведомство ЖОО-ларды қолдау бойынша бағдарлама дайындап жатыр және ол жоғарыда аталған мәселелерді шешуге көмектеседі.

"Ол тек қаржылай қолдау мәселесі емес, басқа да реформаларға байланысты. Осы өзгерістерді сіздерге жеткізіп, жұмыс тобын құрған едік. Оның ішінде ЖОО-ның білімді, білікті, тәжірибелі ректорлары, сарапшылар қатысқан болатын. Соның нәтижесінде біраз шешім қабылдауға дайынбыз. Бұл шешімдер де ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігін көтеруге көмектеседі және де қаржы жағына байланысты біраз мүмкіндік береді. (...) Өз тарапымыздан осы өзгерістерді жариялаймыз. Бұл да сіздерге осы жұмыстарды қолға алып, шешуге мүмкіндік береді деп ойлаймын", - деді министр.

Айта кетейік, 2018 жылдан бері еліміздегі барлық жоғары оқу орнына академиялық дербестік берілгенін әрі оқу ақысына қатысты мәселе тек университет ректоры мен студент арасындағы келісімшарт арқылы реттелетінін атап өтті.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 84 648-ге жетті. 54 404 адам аурудан айықты, 585 науқас қайтыс болды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.73   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети