Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
25 апреля 2024 10:37

Өлекселер қаптап жатыр: Ақмолада жұттан қырылған жылқылардан қауіпті аурулар таралуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Massaget.kz Фото: Massaget.kz

Ақмола облысында қыс бойы ақ қар мен көк мұздан шөп таппай көтерем болып жаппай қырылған жылқының өлекселері енді шығып жатыр. Елдімекендердің айналасында шашылып жатқан өлекселерден түрлі қауіпті індеттер таралуы әбден мүмкін деп қауіптенген жылқышылар дабыл қаға бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Ақмола облысында қыс бойы ақ қар мен көк мұздан шөп таппай көтерем болып жаппай қырылған жылқының өлекселері енді шығып жатыр. Елдімекендердің айналасында шашылып жатқан өлекселерден түрлі қауіпті індеттер таралуы әбден мүмкін деп қауіптенген жылқышылар дабыл қаға бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Әсіресе, Зеренді, Степногор, Ақкөл, Бурабай, Біржансал аудандарында жылқылар жаппай қырылған. Күн жылынып, шыбын-шіркей шыққандықтан ауылдардың айналасынан қолқаны қабатын сасық иіс шыға бастаған. Сондықтан қазір өңірдің бірнеше ауданында қырылған малдың өлекселерін жинауға ауыл тұрғындарының өздері де белсене шыға бастаған. Ит-құсқа жем болған өлекселер қоқыс үйінділеріне тасталыпты. Бірақ дұрыс көмілмегендіктен түрлі аурулардың таралып кетуі әбден мүмкін.

"Айналаның бәрінде өлекселер толып жатыр. Күн сайын екіден-үштен өз көлігіммен әкеліп осылай өртеймін. Бірақ өлекселер өте көп. Мына Ақадыр, Васильков, Абай, Омбы трассасының бойы сол сияқты Біржан сал, Степногор, Ақкөл аудандарында аса көп. Экологиялық жағдайға тіпті түрлі қауіпті аурулардың таралып кету қаупі бар. Қазірдің өзінде сасыған иісі қолқаны қабады", - дейді Зеренді ауданына қарасты Васильков ауылынан жылқышылардың бірі - Темірбек Ғалымов.

Фото: Massaget.kz

Жұттың салдарынан өңірдің бірнеше елдімекендерінде жылқылар жүздеп қырылған. Облыстық ауыл
шаруашылығы басқармасы өлген жылқылардың тізімін алып, тұрғындарды тыныштандырып мәселенің бақылауда екенін айтқанымен облыстық қоғамдық кеңесте іс жүзінде Қамбар ата түлігінің мыңдап қырылғаны туралы мәлімет берілді.


Фото: Massaget.kz

Қыс бойы қырылған мал жайлы облыстық басқарма басшылықтары мен жергілікті аудан және округ әкімдіктері мал басының онша кемімегенін мәлімдеген. Ведомство түйткілді жайты мал ұстаған тұрғындардың жем-шөп дайындамауынан, сондай-ақ жылқышылар мен малшылардың жөнді қарамауымен байланыстырған. Сондай-ақ, облыс аумағында небары жүзден сәл асқан жылқылардың өлгені туралы хабардар еткен еді. Алайда, облыстық қоғамдық кеңестің мәліметі бойынша тек бір ғана ауданның өзінде ғана мыңға тарта жылқы қырылған. Бұған қоса облыста су тасқынынан да бірталай мал басы өлгені мәлім болған еді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 441.58   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети