Өлеңдері мектеп оқулықтарына енген қаламгер қайтыс болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қастек Баянбай, балалар жазушысы, ақын. Қастек Баянбай, балалар жазушысы, ақын.

Балалар әдебиетінің жазушысы, белгілі ақын Қастек Баянбай 84 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Балалар әдебиетінің жазушысы, белгілі ақын Қастек Баянбай 84 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева естіртті.  

"Балалар әдебиетінің жазушысы, ұлттық журналистиканың ардагері, белгілі ақын - Қастек Баянбай ағамыздың өмірден озуына байланысты, марқұмның отбасы мен жақын-туғандарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын.

"Бар әдебиеттің бастауы - балалар әдебиеті" деген Қастек ағамыз өзінің бүкіл саналы ғұмырын балалар әдебиеті жолына арнап, жалынды өлеңдер мен әңгімелер жазды, мазмұнды аудармалар жасады, қазақ журналистикасын дамытуға аянбай еңбек етті.

Ағамыздың мол әдеби мұрасы - тозбас рухани қазына болып, зиялы болмысы - қалың оқырман қауымның мәңгілік есінде сақталады. Марқұмның жатқан жерi жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқысын!", - деп жазды министр Facebook желісіндегі парақшасында. 

Қастек Баянбай 1936 жылы Алматы облысы, Алакөл ауданы, Талдыбұлақ аулында туған. Қазақ мемлекеттік университетінде білім алған. 1960 жылдан бастап Алакөл аудандық, 1965 жылдан бастап Алматы облыстық газет редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген. 1971-1995 жылдары "Жазушы" баспасында редакция меңгерушісі, "Жалын" баспасында бас редактор қызметтерін атқарған.

Балаларға арналған "Арғымақ" атты алғашқы жинағы "Жазушы" баспасынан жарық көрген. Өлеңдері бастауыш сынып оқулықтарына, көмекші құралдарға еніп, кейбіріне әндер жазылған, ертегілері бойынша мультфильмдер түсірілген, орыс, украин, белорус, өзбек, болгар, молдован, түрікмен, әзірбайжан, литван және басқа тілдерге аударылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 533.61  course up  617.81  course up  6.81  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 35
Астана 31
Актау 29
Актобе 30
Атырау 35
Б
Балхаш 39
Ж
Жезказган 33
К
Караганда 21
Кокшетау 24
Костанай 42
Кызылорда 31
П
Павлодар 22
Петропавловск 32
С
Семей 37
Т
Талдыкорган 38
Тараз 42
Туркестан 32
У
Уральск 32
Усть-Каменогорск 41
Ш
Шымкент 37

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer