Олимпиада марапаты сатылатыны рас па? Министрлік жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олимпиада марапаты сатылатыны рас па? Министрлік жауап берді Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Telegram-арналардың бірінде ақылы олимпиада туралы тағы бір ақпарат шықты. Онда байқаудың марапаттау рәсімі ақылы түрде өтетіні, құны 25 мың теңге тұратыны айтылады. Massaget.kz тілшісі осы ақпаратқа байланысты Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне жүгінді.


Telegram-арналардың бірінде ақылы олимпиада туралы тағы бір ақпарат шықты. Онда байқаудың марапаттау рәсімі ақылы түрде өтетіні, құны 25 мың теңге тұратыны айтылады. Massaget.kz тілшісі осы ақпаратқа байланысты Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне жүгінді.

Тараған ақпаратта 25 мың теңгеге оқушының өзіне дипломдар, төсбелгілер берілетіні, оған қоса дайындаған мұғаліміне ата-анасына алғыс хат жіберілетіні жазылған. Демек, марапаттың бәрін оқушы "сатып алуы қажет".

Kozachkov Telegram-арнасы

Марапаттау рәсімі Астана қаласында жоспарланған екен. Ал төлем уақытын 15 наурызға дейін деп белгілеген.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, Қазақстанда ресми түрде ауыл оқушыларына өткізілетін бірнеше олимпиада бар.

  • Ауыл мектептерінің 9-11(12)-сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы;
  • Ауыл мектептеріне арналған "Мың бала" Ұлттық зияткерлік олимпиадасы;
  • IQanat Олимпиадасы.

Тізімдегі бұл олимпиадалар тегін өткізіледі екен. Ал ішінде әлеуметтік желіде тарап жүрген "Дарынды 1000 бала" атты республикалық байқау жоқ.

"Ауыл оқушылары арасындағы "Дарынды 1000 бала" олимпиадасы №514 бұйрыққа енбеген және ресми іс-шара емес екендігін хабарлаймыз. Облыстық білім басқармаларына мұғалімдер мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Сондай-ақ, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы бұл компанияның одан әрі қызметіне жол бермеу үшін тиісті шараларды қолға алмақ", - деп жауап берді министрлік өкілі Massaget.kz-ке жауабында.

Tengrinews
Читайте также

Курс валют

 467.69   543.24   6.46 

 

Погода

Алматы
А
Алматы +19
Астана +18
Актау +15
Актобе +24
Атырау +26
Б
Балхаш +26
Ж
Жезказган +16
К
Караганда +19
Кокшетау +23
Костанай +28
Кызылорда +13
П
Павлодар +21
Петропавловск +11
С
Семей +18
Т
Талдыкорган +21
Тараз +28
Туркестан +28
У
Уральск +8
Усть-Каменогорск +25
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Реклама
Социальные сети