Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
11 марта 2020 15:44

"Оралман" сөзі қолданыстан шығарылады

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаты Кәрібай Мұсырман алдағы уақытта "оралман" сөзі қолданыстан шығарылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Кәрібай Мұсырман алдағы уақытта "оралман" сөзі қолданыстан шығарылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында көші-қон процестерін реттеу мәселелеріне қатысты заң жобасы қаралды. Отырыста әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Кәрібай Мұсырман аталған заң жобасы аясында "оралман" сөзі қолданыстан шығарылатынын атап өтті.

"Бір кезде ойдан шығарылып, жағымсыздау атауға айналған "оралман" сөзінің орнына алдағы уақытта "қандас" атауы қолданылады. Сондай-ақ, қандастарымызға елімізде тұрақты тұруға рұқсат алу және Қазақстан азаматтығын алу үшін құжаттарды бір мезгілде тапсыру мүмкіндігін беру қарастырып отыр. Бұған дейін олар екі рет құжат жинап тапсыруға мәжбүр еді", - дейді депутат.

Осы орайда ол Қазақстан азаматтығын алуды жеделдету мәселесі қаралып жатқанын айтты.

"Елімізде 183 күннен кем тұру және әкімшілік құқықбұзушылықтардың болуы бойынша заңнамалық нормалар қолданылмайтын адамдар санатына этникалық қазақтарды қосу көзделіп отыр. Бұл түзетуде қандастарымыздың Қазақстан азаматтығын алуын жеделдетуге септігін тигізеді", - дейді Кәрібай Мұсырман.

Оның айтуынша, аталған заң аясында еңбек иммигранттарын маусымдық жұмысшыларға теңестіру арқылы оларды шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысқа тартуына рұқсат етіледі. 

Сонымен қатар, Кәрібай Мұсырман шетелдік азаматтарды елден шығару үшін арнайы құжат енгізілетінін тілге тиек етті.

"Депутаттар ешқандай құжаты жоқ шетелдік азаматтарды елден шығаруға мүмкіндік беретін жол жүру құжатын енгізуді ұсынды. Себебі соттардың шешімімен елден шығарылуға тиіс жүздеген шетелдік ешқандай жарамды құжатының болмауына байланысты Қазақстан аумағынан шығарылмай, полицияның қабылдау орындарында мемлекеттік бюджет есебінен тегін тұрып жатыр", - деді депутат.

Екінші оқылымда заң жобасы мақұлданып, сенаттың қарауына жіберілді.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи отанына оралған қазақтарды "оралман" деп атаудан бас тартуға қатысты пікір білдірген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.35   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети