Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

ОСК Мәжіліс сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады 11 января 2021, 15:16

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берудің алдын ала қорытындысы
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Нашли ошибку?

Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берудің алдын ала қорытындысы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдын ала нәтижені Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина оқыды.

Сайлаудың алдын ала қорытындысы мынадай болды:

Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 9,10 пайыз дауыс;
Nur Otan партиясы - 71,09 пайыз дауыс;
"Ауыл" партиясы - 5,29 пайыз дауыс;
"Ақ жол" партиясы - 10,95 пайыз дауыс;
ADAL саяси партиясы - 3,57 пайыз дауыс.

Қорытынды нәтиже аймақтық сайлау учаскелерінің қорытындысынан кейін белгілі болады.

Айта кетейік, 2021 жылғы 10 қаңтарда республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру астана уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтардағы астана уақыты бойынша сағат 22.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,3 пайызы алды.

Сондай-ақ кеше Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері жарияланды.

Мәжіліс депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері былай бөлінді:

  • Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 9,03 пайыз дауыс;
  • Nur Otan партиясы - 71,97 пайыз дауыс;
  • "Ауыл" партиясы - 5,75 пайыз дауыс;
  • "Ақ жол" партиясы - 10,18 пайыз дауыс;
  • ADAL саяси партиясы - 3,07 пайыз дауыс.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Қазақстандағы Мәжіліс депутаттарының сайлауындағы екінші exit poll деректері жарияланды. Деректерді "Демократия институты" жобасының директоры Татьяна Башарина КТК телеарнасының эфирінде келтірді.

"Демократия институтының" мәліметтері бойынша exit poll нәтижелері мынадай:

  • Қазақстан Халық партиясы - 9,54 пайыз;
  • Nur Otan партиясы - 72,01 пайыз;
  • "Ауыл" партиясы - 4,93 пайыз;
  • "Ақ жол" партиясы - 10,27 пайыз;
  • Adal партиясы - 3,25 пайыз.

Парламент Мәжілісіне көшу үшін партиялар жеті пайыз кедергіні еңсеруі қажет. Палата кемінде екі партияның қатысуымен құрылады. Егер сайлаушылар дауысының жеті пайызын тек бір саяси партия алатын болса, онда депутаттық мандаттарды бөлуге осы саяси партияның тізімі, сондай-ақ дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының ең көп санын алған партияның партиялық тізімі жіберіледі.

Exit poll - дауыс беруден кейін сайлау учаскелерінен шыққан кезде социологиялық қызметтер жүргізетін, әлемдік әлеуметтанулық практикада қолданылатын азаматтардан сауалнама алу рәсімі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram
Арифметика от "250+"