Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 января 2021 11:07

"Осылай ыңғайлы". Қазақстандықтар неге пара беруді құп көретінін айтты

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар арасында 9 мың адам жемқорлық мәселесін анықтау сауалнамасына қатысқан. Олардың жартысынан көбі пара беруге себепті "Осылай ыңғайлы" деп түсіндірген. Бұл туралы Transparency Kazakhstan ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар арасында 9 мың адам жемқорлық мәселесін анықтау сауалнамасына қатысқан. Олардың жартысынан көбі пара беруге себепті "Осылай ыңғайлы" деп түсіндірген. Бұл туралы Transparency Kazakhstan ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2020 жылы Қазақстанда сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша мониторинг мақсатында арнайы сауалнама жүргізілді. Оған 3 республикалық маңызы бар қала мен 14 облыс, 163 аудан орталықтарынан 9 мың адам қатысқан.

"Сондай-ақ "Ашық диалог" порталындағы 1,5 мың шағымды зерттедік. Материалдарды 200-ге жуық сарапшы, яғни 173 әлеуметтанушы және 12-ге жуық сарапшы қарастырды. Аурухана, ХҚКО, мектеп тұрғындар арасында ең көп тараған жемқорлық орындары болып қалып отыр. Аймақтарға бөліп қарасақ, ең көп сыбайлас жемқорлық Жамбыл облысы, Алматы облысы, БҚО, Қарағанды облысы, Қызылорда облысы, Атырау облысында көп тіркелген. Бұл аймақ тұрғындары мәселесін шешу үшін жиі "келісімге келуге" тура келгенін айтқан", - деді Ольга Шиян ОКҚ онлайн-брифингінде.

Сарапшының айтуынша, 2020 жылдың қорытындысы бойынша респонденттердің 11,3 пайызы жемқорлық жағдайына тап болғанын жеткізген. Аурухана, полиция, ХКҚО, жер қатынастары басқармасы, балабақшалар - мемлекеттік мекемелердің ішіндегі ең жиі жемқорлық болатын орындар болып тұр. Дегенмен 2019 жылмен салыстырғанда жемқорлыққа тап болу деңгейі 1 пайыздан азайған. 

"Респонденттердің айтуынша, ведомстволар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері жемқорлыққа бастамашылық еткен. Одан әрі қарай азаматтардың өзі ұсынған. Содан кейін делдалдардың үлесі артқан. Делдалдардың үлесі жыл ішінде 6 пайызға артуы қарым-қатынас жасау үшін коммуникацияның болмауынан деп көрсеткен", - деді ол.

"Жемқорлыққа не себеп болды?" дегенге респонденттер 30-дан аса себеп көрсеткен.

"Олардың жартысынан көбі "Осылай ыңғайлы, мәселені тезірек шешуге болады" деп жауап берген. 8 пайыздан аса қатысушы "Басқа амал жоқ еді" деп жауап берген. Осылайша, респонденттер мәселені тезірек шешу үшін "пара беруге дайын" екенін көрсеткен", - деді Ольга Шиян.

Айта кетейік, елімізде пара бергені, парақорлыққа делдал болғаны және бизнеске заңсыз араласқаны үшін жауапкершілік күшейтілді. Бұрын азаматтарға Қылмыстық кодекстің 367-бабы 2-бөлігінде қарастарылған "Айтарлықтай ірі көлемде пара бергені" үшін ең көп дегенде 5 жыл бас бостандығынан айыру көзделіп, бұл әрекет орта дәрежедегі қылмыс болып есептелетін. Ал жаңа редакцияда (заң нормасында - еск.) жазалаудың жоғарғы шегі 7 жылға дейін ұзартылды және сәйкесінше ауыр қылмысқа жататын болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети