Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
16 ноября 2023 13:17

"Өзім сене алмай отырмын". 20 миллионыншы қазақстандықтың әкесі сұхбат берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Азимбаев ұсынған сурет Мұхтар Азимбаев ұсынған сурет

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Бұл жаңалықты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялады. Massaget.kz тілшісі 20 миллионыншы қазақстандықтың әкесімен сұхбаттасты.


Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Бұл жаңалықты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялады. Massaget.kz тілшісі 20 миллионыншы қазақстандықтың әкесімен сұхбаттасты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Баланың әкесі Мұхтар Азимбаев - Жетісу облысының тұрғыны, әскери саладағы қызметкер.

"Өзім әскери адаммын. 1989 жылы дүниеге келгенмін. Әскери адам болған соң 2013 жылы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институтын бітіргенмін. 2009 жылы Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтына оқуға түсіп, 2013 жылы бітірдім. Сол уақыттан бері Жоғары қолбасшылық бұйрығымен Талдықорған қаласында әскери қызметке келдім. Қазір Талдықорған қаласы 21 751 әскери бөлімінде қызмет етіп жатырмын", - дейді ол.

Мұхтардың жұбайының есімі - Диана Азимбаева. Ол 1996 жылы дүниеге келген. Диана төлем орталығында жұмыс істеген.

Мұхтар мен Диана 2015 жылы шаңырақ көтерген. Ал биыл олар көпбалалы ата-ана атанып отыр.

"Екеуміз 2015 жылы отау құрдық. Қазір 4 баламыз бар. Біріншісі - 2016 жылы туған Айзере Сәбденбай есімді қызымыз, екіншісі - 2018 жылы туған Мұхаммедәмин Сәбденбай есімді ұлымыз, үшіншісі - 2020 жылы дүниеге келген Мейран Сәбденбай есімді ұлымыз. Ал 14 қарашада дүниеге келген - төртінші балам", - дейді ол.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети