Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 июня 2020 14:59

"Пойызда жолаушыларға чип тағып жатыр". Желіде тараған жалған ақпараттар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде тұрғындар арасында түрлі жалған ақпарат тарап жатыр. Оның ішінде коронавирусқа да, АҚШ-тағы наразылық шарасына да қатысты фейктер бар. Tengrinews.kz тілшісі желі мен мессенджерлерде тарап жатқан жалған ақпараттар туралы баяндайды.


Желіде тұрғындар арасында түрлі жалған ақпарат тарап жатыр. Оның ішінде коронавирусқа да, АҚШ-тағы наразылық шарасына да қатысты фейктер бар. Tengrinews.kz тілшісі желі мен мессенджерлерде тарап жатқан жалған ақпараттар туралы баяндайды.

"Балаларға жаппай чип тағып жатыр" - фейк

Мамырдың басыда желіде оңтүстікқазақстандық балаларға чип салынып жатыр деген видео тараған. Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау баскармасының бас сарапшысы Нұршай Әзімбаева бұл видеодағы ақпараттың жалған екенін айтты.

"Қазір әлеуметтік желіде және WhatsApp мессенджерінде тұрғындарға жаппай вакцина жасалып, чип тағылып жатыр деген фото және аудио хабарлама тарап жатыр. ҚР ДСМ бұл ақпарат жалған екенін ресми түрде хабарлайды", - деді Әзімбаева.

Бас сарапшы тұрғындардан желіде тарайтын жалған ақпараттарға сенбеуді және ресми дереккөздерді басшылыққа алуды сұрады.

Сонымен қатар, жалған ақпарат таратқан тұлғалар ҚР ҚК-нің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін екенін еске салды.

"Балқашта бейбіт тұрғындарды ұстап жатыр" - фейк

Мамырдың аяғында желіде тағы бір видео тараған. Роликтің атауы - "Балқаш қаласында бейбіт тұрғындарға жаппай қысым көрсетіп, ұстап жатыр". Қарағанды облыстық полиция департаменті бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

Видео расымен де Балқашта түсірілген. Қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел профилактикалық іс-шара кезінде "Газель" көлігінің 43 жастағы жүргізушісін ұстаған. Жүргізуші заңсыз балық аулады деген күдікке ілінген.

Тұрғыннан балықтың бірнеше түрі салынған 20 қап тәркіленген. Қаптардың салмағы 1 тоннадан асады. Сол кезде құқықбұзушы өзін қорғау үшін оқиғаны видеоға түсіріп, жалған ақпаратпен желіде таратқан. Полицейлердің пікірінше, осы арқылы тұрғын жауаптан қашып құтылмақ болған.

"Полицияның белгілі бір қызметі емес, барлық қызметкері жедел профилактикалық шараларға қатысады, видео авторы полиция тарапынан заңбұзушылық болғанын көрсеткісі келді. Сонымен қатар, полиция қызметінің бәрі аймақтағы барлық тосқауылда кезекшілікте болды, төтенше жағдай режимін сақтау үшін бір-бірін ауыстырып тұрды. Егер сіз полициямен келіспесеңіз, сотқа шағымдануға болады. Бірақ заң өкілінің талаптарын орындауыңыз керек екенін ұмытпаңыз", - деді полициядағылар.

"Вирус жұқтырған жылқылардың еті сатылып жатыр" - фейк

Әлеуметтік желілер мен мессенджерде өлейін деп жатқан жылқының видеосы тараған. Роликтің авторы жануар вирус жұқтырды деген болжам айтады.

Онда Қырғызстанда жылқылардан белгісіз вирус табылып, оны жұқтырған жануарлардың еттері Алматы мен Нұр-Сұлтан базарларында сатылып жатқаны айтылады. Қазақстан ауыл шаруашылық министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

"Қырғызстанның Ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік инспекцияның ресми сайтында осы видео бойынша мынадай ақпарат жарияланды: "Осы уақытқа дейін республикада жылқының жаппай ауруы анықталған жоқ".

Сонымен бірге, видеодағы жылқы уланып, асқазанына қандала жиналуы салдарынан өлген. Сондай-ақ, биыл Қазақстан Қырғызстаннан ет және ет өнімдерін импорттамағанын атап өту керек, сондықтан біздің азаматтарымыздың алаңдауына негіз жоқ", - деді министрліктің баспасөз қызметі.

"Пойызда жолаушылардан чиптеуге рұқсат алып жатыр" - фейк

Желіде COVID-19 індетіне қатысты ақпараттар азаймай тұр. Тұрғындар арасында пойыз жолаушыларын сауалнамадан өткізіп, чиптеуге келісімін алып жатыр екен деген ақпарат тараған.

Көліктегі мемлекеттік бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, жолсеріктер расымен де сауалнама жүргізген. Бірақ ол егер пойызда вирус жұқтырған жолаушы анықталса, байланыстағы адамдарды бақылау үшін ғана жасалғанын атап өтті.

"Сауалнаманың мақсаты - байланыстағы тұлғаларға қатысты эпидемологияға қарсы іс-шаралар өткізу. Әлеуметтік желіде сауалнаманы толтырған жолаушылар COVID-19-ға қарсы чиптеуге рұқсат береді деген ақпарат шындыққа жанаспайды", - дейді Қазақстанның көліктегі бас санитар дәрігері.

Ол бұл дерек бойынша материал құқық қорғау органдарына жіберілгенін мәлімдеді.

"АҚШ-тағы наразылықта бір қазақстандық қаза тапты"

АҚШ-та соңғы уақытта болып жатқан наразылық шаралары да Қазнетте жалған ақпарат тарауына себеп болды.

"Расталмаған мәлімет бойынша, Нью-Йорктегі наразылық акцияларын тоқтату кезінде бір қазақстандық қаза тапты. Ақпарат қазақстандық мигранттардың WhatsApp чатында тарап жатыр. Біз АҚШ билігі мен АҚШ-тағы Қазақстан елшілігінің растауын күтеміз", - делінген хабарламада.

Алайда Сыртқы істер министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

"Қаза тапқандар ішінде азаматымыз жоқ", - деді сырты саясат ведомствосының ресми өкілі Айбек Смадияров.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети