Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 февраля 2020 10:35

Президент Қордайдағы жағдайға кім кінәлі екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданындағы қақтығыстың кімнің кесірінен болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданындағы қақтығыстың кімнің кесірінен болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Тоқаев Twitter желісінде жазды.

"Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің салғырттығы арқасында арандатушылар қантөгіс жасады. Олар жазаланады. Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ!", - деп жазды Перезидент.

Сонымен қатар, Қордай ауданында жағдайдың тұрақты екенін, Бердібек Сапарбаев басқарған комиссия жұмысын жалғастырып жатқанын айтты.

"Қайғылы жағдайға жол берген меморган қызметкерлері мен арандатушылар жауапқа тартылады. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Отандастарымызға азаматтық жауапкершілік ұстанымдары үшін ризашылық білдіремін", - деп жазды Тоқаев.

Кеше, 8 ақпанда Қордай ауданында төтенше жағдай режимі жарияланған болатын. 

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети