Сапарбаев халыққа есеп беру кезінде елтаңба құлаған жағдай туралы пікірін айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев халыққа есеп беру кездесуінде мінбердегі елтаңбаның құлауына қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев халыққа есеп беру кездесуінде мінбердегі елтаңбаның құлауына қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еске салайық, Жамбыл облысы басшысы 19 ақпанда онлайн форматта халық алдында есеп беру кездесуін өткізген болатын. Тікелей эфирде аймақ тұрғындары әкімге сұрақтарын қойды. Бір сағаттан аса уақыт өткен соң облыс тұрғыны тағы бір сұрақ қойды. Алайда Сапарбаев жауап беруді бастаған сәтте әкім мінберіндегі елтаңба құлап қалды.

Аймақ басшысы көмекшілеріне елтаңбаны көтеруді тапсырды, бірақ микрофонды өшіруді ұмытып кеткен. Оны бір секундтан кейін өшірді. Бәрі орнына келгеннен кейін Сапарбаев сұраққа жауап беруді жалғастырды. Бірақ микрофон өшірулі болған. Оны модератор қосып берді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

"Бізде бір нәрсені тауып алады да, қоймайды сосын. Мен былай айтар едім: "Сапарбаев патриот емес" дейді ғой мысалы. Мен сол адамға: "Сен патриот болып Қазақстанға не істедің? Өзіңнің ұлтыңа не істедің, айтшы? Нағыз патриотсың, сөйлегенде қатырасың" дер едім. Мен 30 жылда кішкене еңбек еткен шығармын. Біріншіден, қазақ ретінде, екіншіден, Қазақстан азаматы ретінде.

Ал елтаңбаға байланысты, үстіме бәрін қойып қойды (петличка-еск.). Есебім ғой, мен арғы жерде есеп беріп тұрмын. Біреу сұрақ қойды. Бір уақытта бір нәрсе салдыр-гүлдір ете қалды. Сосын мен жігіттерге "Мынаны алсаңдаршы" дедім. Мен оны елтаба екенін білген жоқпын, алдымда (мінбердің алдында-еск.) тұр ғой, мен бергі жағында тұрмын. Мен оған бару үшін мынаның бәрін шешуім керек. Сөйтіп баруым керек. Оны көтерді, қарасам елтаңба. Оған мән берген жоқпын, ары қарай жалғасып кетті", - деді Сапарбаев журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында. 

Желіде кездесу модераторы журналист, Jambyl телеарнасының директоры Мейіржан Жиенәлінің де болған жайтқа байланысты реакциясы қызу талқыланған болатын. Жүргізушінің реакциясы видеоға түсіп қалған. Оны әкімнің есеп беру кездесуін жүргізуге және тұрғындар сұрағын оқып беруге шақырған.

Видео кадры

Мейіржан Жиенәлі тікелей эфир кезінде мұндай оқиға болады деп күтпегенін айтты.

"Елтаңба құлаған сәтте мен әкімге қоятын сұрақтарымды дайындап тұрғанмын. Шынымды айтсам, кенеттен тарс еткен дыбыстан қорқып қалдым, сондықтан өзім күтпеген реакция болды және оны бәрі байқады. Елтаңбаның құлаған дауыс қатты шықты. Әкім де мұндай жағдайды күтпеген еді", - деген еді журналист.

Сапарбаевтың кездесуіндегі оқыс жағдай: жүргізуші өз реакциясы туралы пікір білдірді

Tengrinews
Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 519.58  course up  609.87  course up  6.64  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 27
Астана 22
Актау 27
Актобе 23
Атырау 27
Б
Балхаш 24
Ж
Жезказган 18
К
Караганда 21
Кокшетау 23
Костанай 29
Кызылорда 22
П
Павлодар 22
Петропавловск 24
С
Семей 29
Т
Талдыкорган 33
Тараз 33
Туркестан 26
У
Уральск 22
Усть-Каменогорск 32
Ш
Шымкент 24

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer